Қырғыз елшісінің Ресей елшісінің өліміне қандай қатысы бар?

/uploads/thumbnail/20170709191946755_small.jpg

Түркиядағы Қырғызстанның елшісі Ибрагим Жунусов «Азаттыққа» Анкарада өткен «Ресей түріктің көзімен» көрмесінде орын алған қайғылы жағдайға байланысты сұхбат беріпті. Жунусов сұхбат барысында ауыр жарақаттан көз жұмған марқұм Карловтың қасында болғанын хабарлады.

«Мен және Өзбекстан елшісі және Карлов мырза үшеуміз әңгімелесіп тұрдық. Қасымызда айналшақтап бір жігіт жүрді. Мен оны күзет қызметкері деп ойлап қалдым. Карловқа сөз берілгенде біз мінбердің жанында қалдық. Оқ жаудырған қылмыскер «Аллах Акбар» деп айғайлады да бәрімізге жерге жатуға бұйырды. Біреу менің аяғым шалды да мен жерге жаттым. РФ елшісі бізден 3-4 метр жерде болатын. Қылмыскер «қимылдамай жатыңдар, қозғалмаңдар» деп айғайлады. Сосын қайтадан атыс басталды. Бірде оның оғы таусылды. Біз ол кезде сыртқа шығып үлгердік. Бізден кейін ол тұтқындарды сыртқа шығаруын қойды.

 

Связанные Статьи