Әлеуметтік желіде Айгүл Орынбек бөліскен видеода, Парламент депутатының парламент жиналысы болып жатқанда Youtube видео хостингін ашып алып, түрлі видеоларды тамашалап отырғанын көруге болады. Видеода Мәжіліс спикері Нығамтуллин мұнартып көрінеді. Видеоның соңғы 20 күн ішінде түсірілгені анық. Депутат видео тамашалаған компьютер экранынан еліміздегі банктердің бірі 2016 жылдың желтоқсанында жасаған жарнаманы көруге болады.
Айта кетер болсақ, жақында ғана интернетке адам сабап, балағат сөз айтқан депутат Мұхтар Тінікеевтің видеосы тарап, кейіннен ол депутаттық мандатымен қоштасқан еді.