Пан Ги Мун БҰҰ-дан кетті

/uploads/thumbnail/20170709192035613_small.jpg

БҰҰ бас хатшылығы қызметінде 10 жыл еңбек еткен Пан Ги Мун Нью-Йорктегі штаб пәтерде қызметкерлермен қоштасып, БҰҰ-ден кетті. Бұл туралы BBC жазды.

Пан, кетер алдындағы мәлімдемесінде БҰҰ бас хатшысы болып қызмет істегенін мақтаныш ететінін мәлімдеді. Бас хатшы Пан өзімен қоштасуға жиналған қызметкерлермен көріскеннен кейін БҰҰ-дан кетті. Ол сондай-ақ, Таймс-скверінде жаңа жылдық құттықтауларға қатысады.

Ол қалыптасқан дәстүр бойынша, Нью-Йоркте жаңа жылды мерекелеудің символына айналған  кристал шарды құлататын түймені басады. Айта кетер болсақ, Кристалл шарды құлату салтанаты биыл 100-інші рет жасалады.

БҰҰ-ның 9-ыншы бас хатшысы болып сайланған Португалиялық Антонио Гутерес ертең, 1 қаңтардан бастап ресми түрде қызметіне кіріседі.

Айта кетер болсақ, Пан Ги Мун 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап БҰҰ бас хатшылығы қызметін атқарды. Ол, 1970 жылы Сеул университетінің халықаралық қатынастар бөлімін тамамдаған. 2004-2006 жылдар оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 

Связанные Статьи