ДАИШ Түркия әскерлерінің шабуылына ұшырады

/uploads/thumbnail/20170709192351462_small.jpg

Сирияның солтүстігіндегі ДАИШ-тың қарамағындағы жүздеген елді мекендерге Түркияның әскерлері шабуыл жасады деп хабарлайды joinfo.ua, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады. Бұл оқиға Ыстамбұлдағы түнгң клубта теракті жасалғаннан кейін  бірнеше сағаттан соң болған.

Интернет қолданушылары Аль-Баб, Тадиф, Бсага қалаларының маңында орналасқан ДАИШ әскерлеріне жасалған түрік әскерлерінің ракеталық шабуылын онлайн видео арқылы бақылап отырған.

The Daily Mail Британдық басылымы 22 террористтің көз жұмғанын хабарлайды.

Сонымен қатар Түркия билігі террористік топтармен келісіп жұмыс жасап отырғандардың ізіне түсіп, тергеу жұмыстарын жүргізе бастаған. Түркия полицейлері ЛАИШ террористік тобымен 147 адам келісімге келіп, жұмыс жасап жүрген екен, оның 25-ін тұтқындаған. Жаңа жылдың кешінде болған терактіге қатысты барлық жауапкершілікті ДАИШ өз мойнына алғаны баршамызға белгілі.

Связанные Статьи