Ғалымдар: 2017 жылы Жер шары өз тіршілігін тоқтатады

/uploads/thumbnail/20170709192513665_small.jpg

Дэвид Мид атты беделді ғалым «2017 жылдың қазан айында Жер шары өзге ғаламшармен соқтығысып, толықтай қиратылады», - деп мәлімдеді. Ол өзінің бұл тұжырымын «Planet X: The 2017 Arrival» атты қыркүйекте жарық көрген еңбекке байланысты жасаған деп хабарлайды vladtime.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Ғалымның айтуынша, жердің құрдымға кетуінің белгілері көрініп жатыр, алайда, қоғам оны байқамайды екен. Дәлел ретінде ғалым Дэвид Мид жер сілкінісінің статистикасын көрстеді, соңғы жылдары жер сілкінісі өте жиілеп кеткен.

Ғалымның есебі бойынша, 2017 жылдың қыркүйек айында «Планета Х» «Бикеш» жұлдыздар шоғырының ортасын қиып өтіп, 5 қазанда күннің бетін толықтай жауып қалады екен.

«Планета Х» теориясын, сонымен қатар, Роберт Вичино атты ғалым да растап отыр. Алайда, «Планета Х» немесе «Нубиру» атты ғаламшар біздің Жер шарымызды 2015 жылдың желтоқсанында құрту керек болған. NASA ондай ғаламгардың бар болуының өзі әлі нақтыланбаған деректерді сынға алған еді.

Естеріңізге сала кетсек, ғалымдар Жер шарындағы ауа-райы өзгеріп, алдағы онжылдықта тіршілігін  оқтатады деп мәлімдеген болатын. Мысалы, 2016 жыл соңғы жүзжылдықтағы ең ыстық жыл болған екен.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи