Одессада радикалдар жеке үйде бомба дайындап жатып, оны байқаусызда жарып жіберген деп хабарлайды dumskaya.net. Жарылыс Одессадағы Ефим Геллер атындағы көшеде болды. Оқиға орнында 6 адам болған. Жарылыстан үйдің 70 жасар иесі мен бұрын «Закарпатье» жасағында сапер болған экстремистердің бірі көз жұмды.
Кейінірек құтқарушылар үйіндіден 92 жасар әйелді шығарып алды. Ол түрлі жарақат алған екен. Оқиға орнында бұрғылап тесілген Ф-1 және қолмен қашықтыққа ататын граната қорабы табылған. Радикалдар одан тротил алмақ болған екен.
Сарапшылар, ең алдымен граната жарылып, одан кейін газ атылған дейді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий