ҒАЛАМТОРДА ҚЫТАЙ КҮЙЕУ ЖІГІТТЕРІНЕ ҚАРСЫ КӨТЕРІЛІС БАСТАЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709193639462_small.jpg

Әлеуметтік желі қолданушыларының арасында «қытай күйеу жігіттеріне» қатысты мәселе қызу талқылануда. Мұның салдары еліміздегі үлкен дүмпуге әкеліп соқтыруы мүмкін деген болжамдар да бар. Қазақтың намысты ұл-қыздары бұл жаңалыққа қарсы ашу-ызаларын білдіріп, мәселені шешу жолдарын іздеп жатса, кейбіреулер мұны мазақ етіп, тіпті, жарнамалауға да көшкен. Дегенмен, наразылық білдіріп, қарсылық көрсетіп жатқандардың қарасы көп.

Сонымен қатар  әлеуметтік желілерде кейбір қазақ жігіттері өздерін жарнамалай бастаған. 

Алайда әлеуметтік желілерде мынадай жаға ұстатарлық жазбалар да жарияланды.

«Ойбай, қытай жігіттермен неке агенттігі ашылғалы жатыр деп енді-енді оянып, өртеніп жүрсіздер ме? Бәрі бекер! Ол агенттіксіз-ақ қазақ қыздарымыз қытайларға топ-топ болып үйленіп кетіп жатқанына мына дәлел сіздерге.

Бердібек Сапарбаев: «Осыдан екі жыл бұрын Алматыда жүргенімде, орталық баспасөзден оқыдым. 6 айдың ішінде 5500 қазақ қызы қытайға күйеуге шыққан екен».

Мұxтар Шаxанов: «Бүгінгі таңда 24 мың қазақ қызы қытай жігіттеріне тұрмысқа шығыпты».

Мұның барлығы 2016 жылы айтылған сөздер».

Ең сорақысы бұл орта есеппен алғандағы өлшем және де шынайы ақпарат.

Ғаламторда қазақ қыздарының намысын таптаған жазбаларды да кездестірдік.

Қамшыгер: Назерке Лабихан

 

Связанные Статьи