Ағымдағы жылы бакалавриат, магистратура және доктарантураға бөлінетін гранттар мемлекеттің есебінен 10 мыңға ұлғаймақ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет жиналысында хабарлады. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен гранттардың санын бұдан да арттырмақ. Бұл норма Мәжілістің қарауында.
«Еліміздегі 130 ЖОО-да 520 мыңнан астам студент оқиды. 820 колледжде 500 мың, мектепте 2,8 миллион оқушы білім алып жатыр. Демографиялық жағдайға байланысты оқушылардың саны арта бермек. Соған байланысты гранттың саны да көбейеді» дейді Ерлан Сағадиев.