Серік Ахметовке кешірім беру жайлы өтініш сотта қаралатын болды

/uploads/thumbnail/20170709193808750_small.jpg

ҚР экс-премьер-министрі Серік Ахметтің жазасын жеңілдетіп, мерзімін қысқарту жөніндегі өтініш сотқа келіп түсті деп хабарлайды «Қамшы»  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына қатысты сотталғандарға рақымшылық ету» заңына сәйкес түрмеге тоғытылған Серік Ахметовке берілген мерзімді қысқарту жайлы сотқа өтініш келіп түсті. Өтінішті сотталып отырған Ахметовтың өзі бастап берген, ол бүгін келіп түскен. Істі сотқа өткізіп, қашан қаралатындығы енді белгілі болады», - деп мәлімдеді Абай аудандық сотындағы БАҚ-тың корреспондент мүшесі Ардақ Жұмашев.

Естеріңізге сала кетсек, Серік Ахметовтың ісіне қатысты коррупция жасады деп айыпталған қылмыстық топтың ісі  Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотына міндеттелген болатын. Жауапқа тартылғандардың саны – 21 болды. 2015 жылдың 11 желтоқсанында оларға қатысты үкім шығып, хабарланған. Ахметовке 10 жыл бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 5 жыл көлемінде мемлекеттік орган қызметіне тағайындалмау жөнінде үкім шығарған.

Қарағанды облыстық сотының аппеляциялық бөлімі 2016 жылдың 14 наурызында жауапқа тартылғандардың жазасын жеңілдетіп, Ахметовке берілген мерзімді 8 жылға дейін қысқартқан.

Связанные Статьи