Британдық еркек жүктімін деп жар салды

/uploads/thumbnail/20170709193813289_small.jpg

Жынысын ауыстырған британдық Хайден Кросс өзінің жүкті екені туралы хабарлады, деп хабарлайды inform.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Глостер қаласының 20 жастағы тұрғыны Хайден Кросс Жынысын әйелден еркекке ауыстырғаннан кейін де бала көтеруге мүмкіндік алған. Жүктілік мерзімі - төрт ай. Ол ұрық донорын Фейсбук желісі арқылы тапқан. Сол себепті, болашақ нәрестенің әкесі де, анасы да жалғыз өзі болып қалмақ.Хайден Кросс жынысын ауыстыру туралы шешімді 17 жасында қабылдаған. Осы мақсатқа жету үшін ол дәрігерлердің көмегімен түрлі гармондық препараттар қабылдауға және өзінің жеке басын куәландыруды заңдастыру үшін төлқұжат жасауға 3 жыл бойғы өмірін сарп еткен. Алайда, Кросс жынысын ауыстыруды кейінге қалдырған. Себебі – оның бала сүйіп, ана атанғысы келген.

“Жүктілік – бұл әйелге ғана тән қасиет. Сондықтан, мен толық еркекке айналардан бұрын бала туып алуды жөн санадым, жыныс ауыстыру процесін сосын аяқтағым келеді”, – дейді ол.

Сондай-ақ, ол баласынан өзінің трансгендер екенін жасырмайтынын айтады.

Алайда, Хайден Кросс әлемдегі ең алғашқы екіқабат еркек атана алмайды. Себебі оның алдын американдық Томас Бити орап кеткен болатын.

Томас Бити (туған кездегі аты-жөні – Трейси Лагондино) 1974 жылы 20 қаңтарда АҚШ-тың Гонолулу қаласында дүниеге келген. 2002 жылы жынысын ауыстырған транссексуал 2007 жылы жасанды ұрықтандыру жолымен тарихта ең алғашқы «екіқабат еркек» атанған болатын. Оның мұндай қадамға баруына әйелінің бедеулігі себепші болған. Сондықтан, ол 23 жасынан бастап гармоналдық терепиямен айналысып, өз бойында әйелге тән ішкі репродуктивті дене мүшелерін сақтап қалған. Донорлық ұрықтандыру жолымен Томас Бити өмірге үш нәресте (2008, 2009 және 2010 жылдары) алып келген. 2012 жылы ғана ол толығымен жынысын ауыстырып, қазір заңды тұрғыдан толыққанды еркек болып табылады. Алайда, сол 2012 жылы ол әйелімен ажырасуға арыз берген.

Связанные Статьи