АҚШ Президенті Барак Обама өзінің қоштасу сөзінде американдықтарды демократияны қорғауға шақырды. Сөзінің соңына қарай көз жасына ерік берді деп хабарлаған болатынбыз. Осы жайтқа пікір білдірген Жириновский Обама күнәсі үшін ұялғандықтан жылады деп мәлімдеді. Бұл туралы «Парламентская газета» хабарлады.
Жириновскийдің пікірінше Обама Гавай аралдарында гольф ойнап жүріп, күнәсін өмір бойына дейін еске алып жүреді, деп хабарлады басылым.
Владимир Жириновский: «Ол оқушы сияқты – көп былықтар істеді: дипломаттарды қайтарды, санкцияны күшейтті, оның кезінде Трамптың жеңісінің еңбегін маған жүктейтін мәлімдеме жасалды. Өйткені мен дұрыс болжам жасап, шампан ішуге уәде бердім. Соңына таман Обаманың ұяты ояныпты, бірақ енді кеш, ол енді ештеңені өзгерте алмайды».
Обаманың қоштасу сөзі бір сағатқа созылды. Обама АҚШ-тың осыған дейінгі президенттеріне қарағанда ұзағырақ қоштасты. Сөз соңында ол өз отбасы жайлы айтып, көз жасына ерік берді.