Бесінші сыныпқа арналған оқулықтағы сурет ата-аналардың жағасын ұстатты

/uploads/thumbnail/20170709193820668_small.jpg

Бесінші сыныптың «Қазақстан тарихы» кітабындағы сурет адамдардың ызасын келтірді. «Саналы адам» атты тақырыптың астындағы суретте ер адамның ешқандай лыпасыз тұрғанын көруге болады. Ол инстаграм желісінде жарияланып, адамдар тарапынан қатаң сынға ілінді. Пікір білдіргендердің арасында мектепті бітіріп кеткендері де бар. Олар 7 жыл бұрын дәл осы кітаппен оқығанын жазған. Енді бірі суретті әжуә қылды. Пікір білдіргендердің арасында  ата-аналар көп. Олар балаларының 12 жасында дәл осындай сурет көргенін қаламайтынын жеткізген.

 

Связанные Статьи