Ұрлап әкетілген тұтқын терезеден хат лақтырып, тірі қалды

/uploads/thumbnail/20170709193840127_small.png

Жергілікті тұрғындар көмек сұрап жазылған хатты тауып алып, дереу полиция шақыртқан.

Қаскүнемдер мәжбүрлеп ұстаған мәскеу тұрғыны пәтер терезінен лақтырылған жазбаның арқасында тірі қалған.

Тергеушілердің айтуынша, 2016 жылдың 23 желтоқсанынан 2017 жылдың 8 қаңтарына дейін екі белгісіз адамдар жұмыспен қамтамасыз етеміз деген желеумен 39 жастағы жұмыссызды Кировоградский көшесіне шақырады. Оның рұқсатымен құжатын алып, одан кейін пәтерде ұрып-соққан.

Көмек сұрауға сәті туған кезде, ол құтқаруын өтініп, хат жазады. Оны ұстап отырған пәтердің терезесінен жазбаны лақтырып жібереді. Оны байқап қалған көршілер оқиға орнына полиция шақыртады.

Ресейдің арнайы операцияның нәтижесінде кепілге алынған тұтқын босатылып, қылмыскерлер қамауға алынды. Олар 44 пен 37 жастағы Мәскеу тұрғындары болып шықты. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеуде «емшілер» Жаңа жыл қарсаңында алты нашақорды ұрлап әкетіп, оларды пәтерде мәжбүрлеп ұстап отырған болатын. 

Связанные Статьи