Белсенділер Атыраудың ХҚКО уақытша тіркеуге наразылық ретінде флешмоб өткізді деп хабарлайды azh.kz. Наразы топ қойдың маскасын киіп, қолдарына түрлі жазбалары бар плакаттар ұстап шықты.
«Кеше белгілі болғандай ішкі істер министрі Қасымов күндерден шатаса бастады. Ол заңның қашан қабылданғанын шатасып жүр. Адамдардың өзгерістерді қалай қабылдағанын өздеріңіз көріп отырсыздар» дейді флешмобқа қатысушыларының бірі Қасым Қожантаев.
«Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз ғой. Егемендігіміз қайда біздің?! Терроризммен күресіп жатырмыз деп халықты қайта Кеңес Үкіметіне алып келгісі келетіндей. Біз заңға мойынсұнатын азаматтармыз. Бірақ мұндай заңдар мұқият қаралып, қолданысқа толықтай дайын болғанда ғана қабылдау қажет. Ол қазақстандықтардың қалыпты өміріне еш кедергісін келтірмеуі керек. Біз Азат Перуашев секілді депутаттарға ризамыз. Себебі ол қоғамның ойын жеткізді. Ахмет Мұратов ащы шындықты айтты. Біз бұрыңғы қателікті қайта қайталап отырмыз. Дәл осылайша Жер кодексіне қатысты заң қабылданып, халық наразылығын білдірген еді» деп сөзін жалғады Қасым Қожантаев.