Тәңір-пенде теоремасы (рухани эссе)

/uploads/thumbnail/20170709194119357_small.jpg

Шалқар Еркінбекұлы



Аттылар әулетінің айы оңынан туып тұрған тұста,айқасқа пырақпен төсінен сан мәрте дүбірлете өткен; есте жоқ ескі заманнан бері«кір жұып,күл төккен»—  ырысты Іле бүгінде хұсыни ғаламның,кер заманның аптап жалынында алқынып іштей тынады.Тәңір тауының Еренқабырға және Ешкілік аталатын егіз сілемінің арасындағы құйқалы алқап көшпенділердің ата қонысы. Оған мәңгілік жұмбақ шығысқа көз тіккен,көкбөрі аналы көшпенділердің тұлпарының тұяғы жеткен тұсқа дейінгі ұлан-ғайыр далаға орнатып кеткен тілсім балбалтастар, қасиетті Қаспен Күнқастың(Күнес) бойында бүгін доңыз түрткілеп күн сайын кішірейіп бара жатқан үйсін молалары; күн сайын кетіліп жатқан «Алтынқорған», «Тасқорған»; Тарихын тасқа қашап жазған көшпенділердің көне жәдігерлігі; уақыттың уысында уатылып, кер заманның күрегімен күйреген тарихнамалар куа!...Аруақты әулеттің ата қонысқа басқан таңбасы — балбал тастар мәңгілік жұмбақ
күншығысқа сарыла көз тіккен де нені күтеді екен, ә?!....мүмкін бөрі төтемді түріктің түп қазығы шығысқадеген сағынышы шығар?!....мүмкін түлегі біздерге табыстап кеткен аманаты, аспанилық ақиқатпен астасқан ақ тілегі шығар?!...мүмкін....
Салқын самалы саз шерткен,қоңыр күздің басы болсада,
күннің ыстықтығы сонша,ауааптап жалын бүркіп жүзіңді қариды,мен болмасам күндерің қаран,-деп қыр көрсететіндей,бәлкім тәкәппар қолдан көлеңке мінез жасап алып қоразданақалатын сайтани заманпйғылының сыйлығы шығар....кеңсірігікеуіп жұтап жатқан даланың жонына, бейне жерге қадай-қадай салған қу сүйектей қаланған қала шетіндегі өзенге шомылуға келе жатқан бесеу —қалалық«Арман» орта мектебінің оқушылары.Тылсымды тіліне тоқтата білген, бөрі төтемді әулеттің бүгінгі түяғының айтары, былыққан харекет, тойып алып тырқ-тырқ күлер арсыз күлкі қақында.  Өмір осы.....Орталарындағы Оралатты бала, табиғатына жатоғаштық танытып үнсіз келеді.Тіпті төңірегінде адам барын да ұмытқан. Самарқау тартқан санасын түсініксіз,тек  жүрегіғана сезер түйсік түрткілеп мазалайды. Танауына кіндік қаны тамған қасиетті топырақтың ба,әлде аяулы анасының жұмақтың жұпар лебі аңқыған ақ сүтінің бе,әлде біртым-тым ертеде,ертеде емес-ау кеше ғана анасының артынан,томпаңдап жүгіріп жүрген сәби шағында жадында қалған,сұмдық аңқыма йіс келгендей болады.Сол осыдан мың жылдай бұрын сірнеге айналған сезімін сілкіп сергіткен. Өне бойын анасының жұмақтың жұпар лебі аңқыған ақ сүтін құшырлана жұтқанда жаны машһарлық рахат табатын қасиетті һам бақиға дейін тек жалғыз сәт қана қанығар....Сосын,сосын тірліктің тепеңдеген қойторысының үзеңгісіне табаның тигеннен бастап,қайда екенін,қалай іздеудіөзіде білмейтін тек әлде қайдан сабылып іздеп шаршайтын,ат басындай алтынға айыр бастап ала алмайтын ғаламат әсер аралай жөнелер......«Мен ойлаймын»...мынау тылсым де түсініксіз дүниеде,осынау теперішкетолы бес күндік жалғанда, жаратқанның адамға сыйлаған ең ұлы сыйының ең ұлысы- анасының жұмақтың жұпар лебі аңқыған ақ сүті. Қалыбыңның қуат көзі анаңның ақ сүтінен киелі не бар?...Сол үшін де киеліні көкірек көзімен көре білген халық даналығы «Анаңның ақ сүтін ақта» деп,ақ батасын береді.Ұрпақ үшін «Анаңның ақ сүті атсын»-деген қарғысқа қалудан ауыр қасірет барма?...санасында сәулесі бар жан анасының ақ сүтін ақтау үшін арпалысар. Ананың ақ сүтін ақтау- өмір сүру. Ал аяулы аналар үшін керегі, күндіз-түні жаратқанға жалбарынып жалғыз сұранары сенің амандығың. Адамның опасыз уақыттан жалғыз ұтар ұпайы-артына түтінін түтетер ұрпақ қалдыру емеспе?!  Ендеше,табыт таңдайыңды жібіткен, пәнидің барлық күнәсінен құлан таза періште қалыбыңа қуат берген,анаңнңның қасиетті ақ сүтін ақтаудан артық қандай ұлы һәм қиын мақсат бар?..  Біздер, ұрпақтар осыны толық ұғынып жүрміз бе?...Ойламсыз  жастықтың желігімен қаншалаған қатердің жалына жармасып жүрміз, зәудеғалам жармасып жүрген қатердің жалынан қолымыз шығып кетсеші?...Біздер қарымымызды аяулы анамыздың ақ сүтін ақтайтын қарекетке жұмсап жүрміз бе?!.... Оның ойына қызығы мен қызуы мол өткен күндері оралды,қадірін білмей өткізген күндеріне көз жүгіртсе өмірінде өзгелерден өзгеше ештеңе жоқ екен. Өзге балалардай әке-шешесінің арқасында таршылық көрмей тайраңдап өсті. Бір кездері оң-солын айыра алмай ойын қуып жүгіріп жүретін сәби еді. Енді міне,шашын шалқайта тарап, құрбы қыздарға ұрлана қарауға жараған ұяң жас.Оның өзге құрбыларынан анау деген айырмашылығы өзінің бір сыдырғы, опасыз тірлігінен жалыққаны, тың тірлікті аңсағаны-тын.Қадірін білмей өткізген күндердің,көбелек тірліктің бір сурауы бар шығар...Ол алғаш оқуға келгенде қаланың адамды алжастырар саудайы қылығынан,арзан қарекетінен ада даланың дархан жүректі,қара домалақ баласы еді.Қаланың тылсым тірлігі,өзге нәсілдіңт үсініксіз мінездері томпақ сезіліп тосылып қалатұғын. Ондайда ауылды аңсайтын.Шіркін ауыл!......ақ көңіл адамдардың ақ-жарқын мінездері,былғаныштан ада бұйығы тірлігі,Бал дәуренін бауырына тығып,бұртыйып жатқан дөң-жыралары, тарйхының куәгері ақбас таулары, кезінде бабасы тұлпарымен дүбірлете жортып өткен кең байтақ даласы. Бәрі-бәрі сағынтып сабылтатын. Алғаш ауылға жиі-жиі қатынап,аунап-қунапсергіпқайтушы еді.кейіннен қаланың қызыққа толы тоқ тірлігінің қызықтырып,қызылды-жасыл дүниелері көңілін арбап,ауылдан ептеп алыстата бастағанын, басқа бір бармауға тиісті...түп тегіжиркеніп,арбауынын
аулақ жүрген әлемге бастап барғанын байқамайқалды.Енді ол ауылға қайтудан ерінетін болды.Әттең!..Ауылға деген әдемі сағынышын жоғалтпауы керек еді...Егер сізде айналайын ауылға деген азғантай махаббатыңыз болса,жылап тұрып жалбарынарым әсте жоғалта көрмеңіз!..Ауылдан қаншалық алыста жүрсеңіз де, қаншалық қарбалас болсаңыз да қоқсық жұмыстардан қолыңызды бірсәтке босатып ауылға қайтыңыз.Онда сізді төрт көзбен күтіп отырған ақ самайлы анаңыз,ақсақалды әкеңіз бар.Онда сізді жүрегіңіздің терең түкпірінде сақталған,бал дәуреніңіздің томпаңдап жүгіріп жүрген тәтті елесі бар,онда сіздің таза да тәкәпар сәби санаңызға таңбаланған мақсатыңыз бар.Тірліктің талабы «өзіңіз» ден алыстау, түпкілікті мақсатыңыздан жырақтау талғамын жасауға тіреді ме?...Ауылға қайтыңыз,сұрағыңзға жауапты ақпас Алатау берсін.....Қанша қолыңды төбеңе қойып безіп кетсең де, түптің түбінде еңіреп жұрып айналайын ауылды, айналайын ата жұртты табатын боласыз...... «мен ойлаймын»:адамдардың әсіресе,өсер ұрпақ жас буынның тас қалада жүріп,тасбауыр болып бара жатқаны өздерінен үркіп кеткені,ата-анаға деген без бүйректік,имансыздықолардың ауылға деген махаббатын жоғалтқанынан, өзіне ғана тәуелді аумақтан алыстап қалғанынан.«Келер ұрпақтың жаныңды жаралап, көкейіңді кеміктер қаншалаған ойсыз қылығын ішің сезіп, жүрегің мұздайды.» Жастар ақылдан әсте кенде емес,түйсініп,
жүрегіне жұқпаса айтылған ақылдың,оқылған том-том кітаптың түкке керегі жок,дүниенің тұтқасын ұстап тұрған өтірік ақыл,жалаңаш нақыл оларды өздерінен алыстатып жатыр,«өзі»бола алмаған адам «ештеңе де» емес.Технология мен тіс-тырнағына дейін қаруланған миына әлдебір ағымдағы« бұйрықтар»,еркіннен тыс мәңгүрттіктің ең дәурендеген тәсілімен «енгізілген»,жанды тетікке айланып қалған имансыз жандардан жаһан жараланып жатыр...Егер сен айналайын ауылдың,айналайын туған жердің ақыл ыстап кеткен санаңа сәуле шашар шуағымен шомылмасаң, сірне болған сезіміңді сергітер сұлулығын сезінбесең, ұлылығын ұғынып,ұлықтай алмасаң онда бәрі бекер,бәрі....Егер сен Архимет айтқан «жердің тіреу»нүктесін,әлдебір жаттанды теоремаларға салып тауып шығып,жерді домалатып жібере алатын қабылетке ие болсаң қайтередің...Санаңа сіңіп қалған техналогиялық  түйсіктің саған не істететінін шамалай аласың
ба?....Абай атамыз әуелде медірседен білім алып хақты таныған. Санасына аспаныйлық ақыйқаттың нүры сіңген хакым еді. Әне содан әкенің емес адамзаттың ұлы болу басталды....Иман-жүрегімізге  жылу  жіберетін, аспанилық ақыйқаттың қайнар көзі.жүрегіміз жылыуынан айырылып жұтап барады..Ауағайын, иманды болайық!!!.....

 Ол енді достары тұрасында ойланды. Біз құлын-тайдай тебісіп тете өстік. жастықтың желігімен алатау асамыздан келмей әспенсіп жүрдік. Мен ойлаушы едім, арғымақтай арынды, қара нардай қарымды достарым тұрғанда аспас асуым, алмас қамалым болмас деп.Әрқандй жағдайда қолдап, қол ұшын бере алатнына,қауып-қатер  атаулының бәрінен құтқара алатынна еш-күмәнсіз сендім. Ешқандай  қаупім жоқ болса да, жақыннан бері әлдебір қауіп қаумалап жүргендей үрейлене беретінім қалай?.....Аяқтан шалар қауып-қатер  айналамызда бүғіп жүрген болсашы?.....Біз бір-бірімізді Баяғыдан білеміз, толық түсінеміз ден ойлаймыз. Шынында да солайма? Ағаттығымның көбі осы достарыма еліктеуден, еруден басталды. Біз көңіл жықпас мыйықпен мәз болып жүріп, сол мәз болған мыйықтан да адамдық сыйықтан да айырыла бастаптық.Тезек сорып, ашты суға ауестендік, ата-анамыздың адал еңбегінің жемісін харам харекетке жұмсадық. Толып жатқан тойларымыз болды. Топырлап барып тойладық. Қасымызда тобық жүтқандай томпыйып,  ақтамақ аққу мүсін құрбы қыздарымыз жүрді. Адалдықты айырлмау  махаббатты «мәз болу» деп түсіндік. Бізде еркіндікті аңсаған азат арман болды.  Батыстық мәденіиетке беріле құштар болдық. Батысша  өмір сүруге барымызды сала талпындық. «Жастықта мастық бар»- деп ұқтық, неге біздер қазір бәрін, нақылдың мәнін басқаша тұсынетін болдық.... Ол мастық халал қарекетке, адал мақабатқа, ғылым-білімге деген мастық емес пе еді? Адам тұра жолдан таямын десе оп-оңай, Өзі де анығын білмейтін әлде бір тылсым күштің арбауымен ағаттықтың артынан мұрынын тескен тайлақтай салпақтайсың- ау келіп.Былайғы тірлігің бұйдаң үзілгенше осымен өтеді...Мен өзімді бөтен сезініп келемін, тіпті, мына дүние маған жат. Бар-жоғын өзімде білмейтін басқа бір әлемді ала-сұра аңсаймын, асығамын. Қайда, не үшін асығатыным тағы белгісіз....Мақсатсыз мұнар тірлігімізден әптен жалықтым. Жан дүниемде бұрын-соңды мұндай толқу туылып көрмеген....Достарыма еріп осылай еш ойланбастан келе жатқаныма өкінетін тәріздімін...тағы не үшін мені әлдекім күтіп тұрғандай асығып келемін. Аулға қайтқым келді... 

    Олар қаладан қала шетіне жетелейтін жолдың соңғы мүиісіне жетті.Одан ары Алатаудың қойнына,ұрланада ұяла кіріп бара жатқан үлкен сай. Арсыйған адыр-жыралар. Орал иығынан біреу қағып қалғандай тосын артына бұрылып, қалаға тесіле ұзақ қарады. Әлде бір қыймасы, әл етуге тійісті шаруасы қалып бара жатқандай......Сай-қым-қуыт қайшылықтан туған,мазасыз мұңның сайы .жаңа  заманның

Өнеркәсібі оңдырмай жаралаған. Алатаудан бастау алған, Алты  алашқа аты машһұр  арқалы ақын—Таңжарық Жолды ұлы тұнығынан   шөлін қандырып, түлеп үшкан «ағыны қатты,шапқан аттан»-деп жырға қосқан өр шақпы алқымынан буылған. Еркелігін, еркіндігін тонатып, серкелігін сетінеткен негізгі арнасы тоғанға бұрылған. Жол бойындағы барлық ластықты бойына жыйып алып жөңкіліп жатыр. Әуелгі арнасында азғана бөлгі ағады. Қанша бітен, тоссада тоспаның белгісіз бір тұсынан ағып тоқтамай қойды. Табиғаттың бар тылсымының тілін тауып,еркімізге көндіреміз деп ереуілдеген айлакер адамның ақымақтығын әйгілегендей, ессіз ереуілін мазақтағандай.....Өзеннің осы аз ғана бөлегінің өз тұнықтығын сақтап маңғаз ағып жатқанын қалай түсінесіз?....Адамдарға, адам боламын деп арпалысып жұріп, адамдықтан алыстап алатын ақымақтар «ақырын жүріп анық бас», неге сендер бәрін бүлдіріп болған соң барып «бүйтпеңдер» дейсіңдер?...Қанша тыраштанғанмен табиғаттың тұнықтығы бір ылайланса тұныуы қиын. Қалпына келтіреміз дегендерің,  «Е,мынандай емеспе еді»-деп елестерің бойынша қалқыйту ғана әуелі айналайын табиғаттың өз тұнықтығын сақтаңдар! Тұнығынан тоналған сұлулық тұл-деп тіл қатып тұрғандай..... Тарихты бауырына басып бүк түсіп жатқан ақбас таулар «Ертеңгі тірліктерің не болар екен» деп қамыға қарайды.......Санаңда сәуле,түсінігің тұманнан ада болса айналайын табиғат бәрін де ұғындырады. Әттең, біздер  түсіне алмай жұрмыз......

   Шақпыға түскен тоспа-суэлектір стансиясы. Тоспаның тұсында үлкен сарқырама бар.Тағаны жазықша, шағын көлсымақ. Екпіндене құлаған су тағанындағы құм, тастарды екшеп шығарып, үлкен шөңет қалыптастырған. Толқындардың қайталана қалыптасуы тым тез  жанына жақындағанның бәрін өзіне тартып кетеді. Ақ моншаққа толған су беті белгісіз бір мұңнан, белгісіз бір қайғыдан хабар беретіндей, өне-бойына үрей ұйып әлсіз дірілдейді....Достары суға  түсе бастады... Орал жағаға жақындап барып , аңырып тұрып қалған, тосыннан түскісі келмеді. Жағаға әне-міне жете бере желі шыққан тентек толқынның беті қым-қуыт, келіп-кетіп жатқан толқындар «Бері Кел, бері Кел»-деп шақырып тұрған тәтізді.... «О,батыр келсеңші»-деп мазақтай тіл қатып, мәре-сәре болып шомылып жатқан достарын көргенде,тосыннан туылған өлездігінен ұялып,суға қойып кетті.Тым асығыс ытқыған, достарынан оза сүңгіп барып басын көтерген оны шөңет құшағына тоғытты да әкетті... Шөгіп бара жатқанда ғана байқаған достары қарасы қайта көрінген де бір-бірінің қолынан ұстап шөңетке жүгіріскен. Су екпінімен жаншіла шөгіп шыққанда есеңгіреп кеткен ол, достарының айғайынан есін әзерге жыйнаған да шөңет шетінде өзіне қол созып тұрған досының бұлдыр бейнесін болжады. Қолын созу керектігін түсінген...терең су, қол созып тұрған досының бойынан асып кетіпті, тек қолын сәл созса болды досының шығарып әкететіні анық. Бар қауқарын іске қосып қолын созып, досының қолынан ұстай бергенде балтырына әлде бір қол сап етіп жабыса кетті.....Шөгіп бара жатқан да шөңет шетінде өзіне жымыя қарап тұрған анасын көрді. Қызық екен...Қуанып тұрған тәрізді....Неге?....Ендігі сәтте «Көмектесіңдер, Қайсың барсың?»-деп шошына айғайлаған жастардың дауысы меңіреу даланың мең-зең тыныштығын  бұзып, жартастарда  жаңғырып жатты. Сай іші у-шу Жартастар бір-біріне хабар жеткізіп  ағаштар айғай  шыққан  жаққа үдірейе қарап қалыпты.  Аздан соң істің жәйі айқындала бастады....Бәрі Сарқырамаға төне түскен, тұтіп жібергелі тұр. Өз-өзінен қуыстанған сарқырама:Жағамдағы, «жақындама қатерлі!!!»- деген қатаң ескертүді көре тұрып елемеген өздері- деп сазарады. Жүйемен жүгендеп, қыйсынмен құрықтап есе берер емес...Жастар Су шығарып тастаған Оралды өз білген әдістерімен қүтқарып алмақтың қамында....Тек қол созім жерде тұрған досын құтқара алмағаны үшін өзіне өлерше өшіккен біреуі өз алдына меңірейіп отыр. Көкірегіне кептелген үлкен үрей бар.Ол Оралды әлде кімнің шөңет түбіне қарай сүйреп бера жатқанын көрді.....

Орал шөңетке шым батып бара жатып, өзінің тым ұзақ шөккенін, балтырына шеңгелін батыра шегеленген қолдың өзіне таныс қол екенін, құтылдырмасын түйсінді. Өткен өмірі көңіл экіранынан қайталануда...Тірлігінің түпкілікті мәнін түсіндіріп, өзіне тәуелді аумақтан адасып жүргенін алғаш аңғартқан осы қолдың йесі кім еді?...Шұғыла!..жүрегі шымырлап қоя берді....Шұғыла екен ғой...Орта мектептің табалдырығын алғаш аттаған жылы танысқан.  Жүзінен нүр тамған аса ажарлы қыз еді.Үздік оқитын. Жас арудың өзіне үнемі ұяла, қарақат жанарына әлде бір құпиялықты қамап мөлдірей қарайтынын алғашында қанша ойлансада түсінбеген .Аз ғана уақытта қыз өзіне бауар басып үлгергенді. Өзіне таныс дүниенің дүбірінен бейхабар қызды тым сәбій сезінетін. Бірде ойынға сүйеп қыздың қолынан ұстады. Әлі есінде... сол сәт шошына селт ете түскен қыздың өне бойында өзіне беймәлім әлде ненің дірілдей ұйып тұрғанын аңғарды. Ұйреніп ұлгерген тәсілі есіне тұсып қыз алақанын искеген де  екі бетіне ұяты ойнақтап шыға келген қыз қолын тартып үлгірсе де, он алтыдағы қыз алақанынан өзінің бесіктегі қарындасының нәресте  уыз исы аңқып тұрғанын аңғарды....Қызға үрейлене қараған  Санасына  алғаш рет «тазалық» тұрасындағы тың түсінік салмағын түсірді. Қыздың ұл сабақтастарымен не үшін қол беріп амандаспайтынын, себебін сұрағанда, «адамның алақаны мен маңдайыада алланың жазуы бар...Менің біліумше қазақ қызы алақанын тек өзінің жақсы көрген адамына ұстатқан...Ал кешегі қазақ жігіттері қыздардың маңдайыннан ғана искеп, жақсы көретіндерін білдірген екен ....»-деген жауабының мәнін енді түсінген. Ол Өзінің қателесіп жүргенін түсініп, қыздан іргесін аулаққа салды.... «Тазалықты» қорғауға талпынғаны еді. Арнамысы ақырында қызға өзі жайында ойына бүгіп жүргенін айтқызып, «бақытыңды меннен іздеп адаспа, мен теңің емеспін»-деп кешірім сұратып тынған. Кешікпей қыздан хат алды. «Білесізбе?... Жүрегіңіздің ұнын тыңдай алатын тәріздімін,оралжан... Өзгерген тәбыйғатыңыздан мен ақыйқый өзіңізді тани алдым. Сіз  әкемнен кейінгі алақанымнан иіскеген ер адам болдыңыз. Ұлкен ерлігіңіз деп білдім, ұяттың қаншалық ұлы екенін сонда, сыз ұғындырдыңыз. Мен сол сәтте қолымнан «о бастағы» Оралдың ұстап отырғанын сезініп, тәңірге шүкірлік айттым. Оралжан сізге, сіздің өзіңізге тәуелді аумағыңызға түбі бір арғымағыңыздың басын бұратыныңызға сенемін....» .Қыз хатын оқып отырып өзінің шынымен де тылсым де түсініксіздеу  дүниенің қақпасын қағын тұрғанын түйсінген. Сөйтып жүргенде ата-анасының    қалауы қалалық орта мектептің ордасына ту тіктірді. Көп өтпей Шұғыланы да ұмытып үлгірген....  Енді ол, балағына жармасқан қолдың жалғыз емес екенін білді.Қолдар балтырына жармасуға таласып жатыр екен....Басқа қолдар шұғыланың қолын қақпайлау да. Шұғыланың қолы балтырынан босай қалса болды басқа қолдар, өшіге жармасып, шөңетке батыра түседі.....Сол сәт аса үрейлі өлім тұрасында ойланған. Өлімнің үрейлі емес, өз ырыздығын түгетпей үзілген өмірдің үрейлі екенін, адамдардың өлім деп жүргені мәңгілік өмірдің есігін ашар сәт екенін, өзінің ол есікті ашуға әлі дайындықсыз, толымсыз екенін түсінді. Өлгісі келмеді....  Осы сәтте балтырына жармасқан жұмбақ күш тілге  келді..   

  • Түсіндіңбе?.....                                      

—Түсіндім.........  

Сол сәтте, балтырындағы қолдың босатқанын сезді. Қаурсыннан да қауқарсызданған денесін, өне бойын ұйытқан қүдіретті әлде бір  ұнның желпіп жоғары көтергенін, бар Болмысын сол үннен таралған,   аспаныйлық ақиқаттан нәр алған ақ нұрдың аймалап, бар ластығынан арылтып жатқанын өне бойы сүйсіне ұғынды. Ол үннің малтығып қалған қараңғылығының ар жағындағы аппақ әлемнен жетып жатқанын, өзінің сол үнге талпына түсіп , аппақ бір әлемге еніп келе жатқанын білді. Сәлден соң Орал рахыманның нұрын төккен рахымы мол,мейірімді,әділ де арайлы күнді көрды. Ол өмірге қайта келді....Мүмкін келмей ақ қойғены дүрспа еді?.....

   Оралдың көзін ашқанын көрген достары естері шыға қуанды. Бетіне достарының қуаныш жасы тамып жатыр, татып көрді, тәп-тәтті екен, тәп-тәтті.....Достарының да мәңгілік өмірдің есігін ашуға ешқандай дайындықсыз  екендігін білді. Мәңгілік өмірдің есігін ашуға лайықты болып өлудың өте қиын  екенін аңғарған. Ойына өткен өмірінде түсінуге өресі жетпеген бір оқиға оралды. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні, әлппеден сабақ беретін апайы бет ашарын Ыбырай Алтынсариннің « Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық.» деген жырымен ашқанды. Бұл жырды әкесі мектепке әкеле жатып жаттатқан. Бырақ ,жыр «Бір құдайға сыйынып... » -деп басталатұғын.Сол есіне түсіп, «Жоқ, апай қате айтып тұрсыз»- деп әкесі жаттатқан жырдың толығын айтқан. «быр құдайға сыйынып ....» Бүл өжеттігінің кесірінен әкесіне тексеру түсіп, соңы қызметтен қуылуымен тынғанды.... Ол кезде қанша ойланса да байыбына бара алмаған. Енді түсінді.... Өмір оған енді ғана бар құпыясын ашқандай..... Өзі Физмка пәнінде үйренген мәңгілік механика заңында тәңірдің тіршілікті жаратқандағы заңдылығы жатқанын байқады. Күнді айнала қозғалатын планеталардың, әлемдік айналыстың тоқыраусыздығы, бір орталыққа бағытталғаны, адам жүрегінің қызмет құрылымы барлығында осы заңдылық жатыр. Тынысың тоқтағанға дейін тынымсыз кеудеңді тепкілер тентек жүрек, алғаш анаңның  жан  бесігінде  қалыптаса бастағаныңда тоқтаусыз ,тоқыраусыз соғатын бір нүкте....Ол қозғалыстың қайдан қуат алып, соңғы тынысына дейын қалай тоқтаусыз жалғаса алатыны түсініксіз...Күнді   орталық етіп айналып тұрған планеталардың қозғалысының басталуына да Бір түрткі күш әсер етіп тұр.... «Мәңгілік механика»... Нюетон  ақсақал ашты дейтін...анығында алғаш байқаған....одан да анығын айтсаақ алғаш таңбалап қағазға түсірген  үшінші заңы- кері тебу заңын біздің кейіпкеріміз тәңір –пенде тоеромасы деп түйді."Ешқандай нәрсе жоқтан бар болмайды " дүнійедегі барлық тапқырлық атаулыны адам табыйғаттан байқаған , бұрыннан бар....тек пенде баласы ар бір жаңалықты "Жаратқан "сайын , тәңірге әкірендеуін қойған емес....Әдебійеттеде жаңа быр "Изым "жаратқаны ұшын , бәз біреулерді құдайдай көріп...Табынып кеттік...Сол ніғіметті тәңірдің пендесіне сыйлағанынын түсініуге санамыз жетпеді....қателік әне содан басталды...."Адам пендесі өзін жаратқан йесіне оқсағысы келіп талпынады .....Бырақ ол қашанда пенделігін қойған емем "...."Мен ойлаймын " Әдебійетте екі -ақ "Изім " бар....Тәңіризім және шәйтанйзім ....Быз өзіміздің ұлықтап жүргеніміздің қайсы "изім "екенімізді білемізбе осы...."Көзі соқыр надандық қорқынышты емес...Нағыз қорқынышты көкірегі соқыр надандық " Өмір осы..... кері тебу заңы-«тәңір–пенде» теромасының айтары : Бір денеге қаншалық күшпен әсер етсең, ол да соншалық күшпен кері әсер етеді. Адам тағдырын «тәңір–пенде» теромасы мен  түсіндірер Болсақ: Тағдыр дегеніміз адамның өз тірлігіне тигызген әсерінің кері әсер күші .....жаңғырығы........Демек  барлығыда  ниетке байланысты. Бұл тоеремода әділетсіздік сақталмайды һәм бұл заңдылық барлық болмыста бір тұтас сақталады. Сенің әсер күшіңнің кері әсері тек сен ғана емес, сенімен бір тұтас әлемге де әсерін тигізеді. Жасаған жақсылығың , не жамандығың болсын , жаңғырығы  саған ғана емес сенімен бір тұтас әлемге ....ұрпағыңа әсер етеді.....Қарекетіңе қарай қарымтасын аласың....

«Тәңір–пенде» тоеремасы бақиға дейін тепе-теңдігін бұзбай сақталады. Бұл заңға тәңір да қайшы келмейді..өйткені бүкіл жаратылысты ұстап тұрған осы заң...Ендеше пенденің Тағдыры өз қолында.......... Қаланың шетіне таяуорналасқан көк күмбезді мешіттен азанның дауысы естілді.Сонда барып Орал шөңетте естіген үнінің азанның үні екенін, бүгін қасиетті жұма күні екенін білді.......Достарының азанның дауысына ұйып отырғанын байқағанда, есі шыға қуанды Мешітке қарай асығыс аттанған бесеуіне тәңір тауы батасын бере тіл қатты.... Тыңдаңдар көкбөрі аналы көшпендінің бөлтіріктері:тасыма қашалған тарихтарыңды таный біліңдер. Білем әлдекімдер ол тарихты өзгерткілері келіп әреке тжасап жатыр.....Тарих өзгермейді, тек ұмыт болады.......Ұмытпаңдар бағызыдағы бүкіл дүниені тітіренткен сақтардың салмағын, бегзаттығын Евро- Азияны қалтыратқан ғұнның қүдіреті.........Қаратеңізге атын суарған ер түрктінің тебіні......Қыпшақтың дұшпанының жадына мәңгілікке қашалып қалған ерлігі санаңда тұрсын... Ерлігің есіңнен шығып бара жатса дұшпаныңнан сұра Себебі,олар ұмытпайды.Ұмыта алмайды.......Ұранда оғыздың ұрпағы!......Түр-тұлғаңнан айырып азғындатқан,өзіңне үріккен  ойсыздығыңнан Құтыл. Көшіңдер көшпенді!!Сенің бақытың  көшу..........Тәңірі сыйға тартқан, өздеріңе тәуелді аумаққа аттарыңның басын бұрыңдар!!.....Бөрі төтемді тектің тұяғы. Оянған ұрпақ-өздеріне тәуелді әлемге алғашқы қадамдарын Тілек тілейік ағайын «Жортқанда жолы, йманы жолдасы болсын»...........Аспаннан таралған, рахыманның нұрынан нәр алған шақпы,оларды ғұсылға құйындырып шығарып салды.Көк күмбезді мешіт аспаны тұнық............Одан ары арпалысқан қала тірлігіның аспанына көз тастадым.......... Бұлдыр............Мынау меңіреу..........Наша шеккендей мең-зеңқылар тірлігі мен тәуелдеп алған мазасыз өмір.....Құбылмалы қоғам,бөлтіріктерге ептеп қыңсыла депмеурін танатып жатқандай....Өмір осы......Түпкі түйсігімде бір айғай көтерілді  «Көшыңдер көшпенді!!!! »......Айғай асқақ Алатаулар ғажетіп, жаңғырып, айбынды ұранға ұласты.Ұран ұнінен көкбөрінің ұлымасы аңқыйды.............Көкке талпынған үн,йлаһй нұр тамшылаған алқар аспанға баяу сіңіп бара жатты кенет Алатаудың арғы бөктерінен тәуелсіз тұғырына шақырған тағы бір көкбөрінің ұлыған үны естілді..........«Көшіңдер,
көшпенді»!!!!.....

 

 

  

Связанные Статьи