Үш уыс жапырақ (үзбелер)

/uploads/thumbnail/20170709194117593_small.jpg

      

Көгершін Тілеген

үлеймен Демирел Университеті Журналистика факультеті 1 курс)


 

                                                                                              Үш ұлы күш                                

 

Француз ойшылы Жозеф Жубер «Жерді орнында ұстап тұрған үш күш : ой, іс ,ниет» деген еді. Қазіргі сәтте ниетімізге қарай іс жасап соны салмақты оймен таразылайтын кез туды. Әрбір жасаған іс-әрекетіміз ниетімізге қарай орындалып, соған сай жауабын аламыз. Өзіміз ойлап, таразылап салмақтап көрейікші. Сіз бір істі бастауға шешім қабылдадыңыз. Өзіңізге барынша сеніп, мақсатыңызға жету жолында білек сыбана кірістіңіз делік. Алайда, осы ісіңізді қандай ниетпен бастамақ едіңіз.

Бәлкім, өзіңізді өзгеден жоғары көрсету үшін? Жоо-оқ. Олай әсте болмас. Ниетіңізге сай ісіңізде өнімді болады. Сондықтан да адамзатқа пайда әкелелер, игілікпен тигізер іспен айналасыңыз. Даналықтың ең ізгі жолы ойлану болғандықтан, ақыл қуатын пайдалана біліңіз. Салмақты істерді қолға алған сайын, жақсы нәтиже күтумен қатар таза ниетте болуды ұмытпаңыз. Кез келген ортада сыйымды болғыңыз келсе аузы ашылса жүрегі көрінетін жандардың қатарынан табылғанымыз артық болмас.

 

Өмірде қашанда болсын үш ұлы күш, үш ұлы шындық және үш мүмкіндік болатынын ұмытпаңыз. Соларды дұрыс пайдалана білу керек.

 

 


                                                                                       Аташыма хат...

 

       Қараңғылық...  Аташым сіз көрген сол бір қараңғы әлемнің барлығы дерлік көбі түсіне бермейтін тұңғиықтайын еді ғой.

Мен  сіздің қайсарлыңызға таң қалатынмын. Мүмкін, жүрегіңіз жылап жатыр.Бірақ, жанарыңыз ылғида күліп, жүзіңізден үлкен шыдамдылықты байқайтынмын.

  Ол кезде мен әлі кішкентай сәби болдым ғой. Сіздің қасыңызда болып еркелеп, ертегіңізді тыңдап, жаныңыздан шықпайтын едім ғой. Өсе келе мектепке барып, әріп танып үйренген соң, күні бойы сізге ежелеп болсын ертегі оқып беретінмін. Солай уақыт жылжып жатты. Сіздің қасыңызда отырып ертегі оқуымда, әңгіме айтуымда сиреді ғой. Бірақ, ылғи да сізге қарай елеңдеп отыратынмын. Күнде жағдайыңызды сұрап отыратынмын. Бірақ, бұрынғыдай кітап оқып беретін уақыт таппағаныма шынымен де өкінемін...

Сізбен әңгімелесетін жанның айызы бір қанатын. Түрлі әңгімелерді өз басынан өткен жағдайларды жіпке тізгендей етіп айтып беруге құмар болатын. Қос жанарынан айырылған сәттен бастап, жалған өмірдің бар қызығы екі баласы мен немерелері болғандықтан солардың қасында отырып-ақ өзін шексіз бақытты сезінетін еді ғой.

Балалықпен ескі жараның аузын тырнап қоя беретін едім.

  • Ата, неліктен көзіңіз көрмей қалды?-деген сұраққа үнсіз ғана:
  • Тағдыр ғой.Маңдайға жазылғаны ...-деп жауап беретін.

Осы жағдай туралы үлкендерден түрліше әңгімелер естіген едім. Бірақ, нағыз ақиқатты әліде болсын түсіне алмадым.

Жабулы қазан, жабулы күйде қалсын деп аташыма бұндай сұрақ қоймауға тырыстым.

Мен біраз күн үйде болмай қалсам іздеп, сұрап отыратын еді.

«... Көгершінсің бе ,құлыным?»- деп батасын беріп, ақыл-кеңесін айтатын.

Алғаш өлең жаза бастаған сәтімде атама әкеліп оқып беріп, бір қуантып тастайтын едім. Солай күн сайын өлеңдерімді оқып беріп, батсын алатынмын.(өзгелерге ұнамаса да атама ұнайтын болар деп үміттенетінмін)

Жоғары сыныпқап барған кезде домбыра тарутыды үйрендім.Үйренген күйлерімді атама келіп шертіп беретінмін. Уақыт зымырап өтіп жатты. Мен 11-сыныпқа  көштім. Жыл бойы қызу дайындық үстінде болдым. Әр сынақ тапсырар алдында атамнан бата алып кететінмін. Жоғары бал алған сайын қуантып, мәз-мейрам болатын еді. Атамның батасының арқасында , ата-анамның үкілі үмітін ақтап , оқуға түстім. Арман қуып Алматыға жол тарттым. Аз уақыт ішінде Сүлейман Демирел Университетінің студенті атанып шықтым.

Алматыға жол тартқан кезде атамды соңғы рет көретінімді кім білген? Батасын беріп, ақ жол тілеп , көзіне жас алып шығарып салған еді.

 Мен атам марқұмның сабырлығына таң қалатынмын. Жарты ғұмырын қараңғылықта өткізсе де өмірге еш налымай, тәубесін айтып, риза болып отыратын еді. Өзін шексіз бақытты жан санайтын еді. Атам үшін қос жанарынан да маңызды нәрсе қос баласы мен немерлері және туыс-туғандары еді. Өткенге өкінішін білдірмей, бар қайғы-мұңын ішінде тұншықтырған болу керек, сірә?

 Бар қиындықтарға қарамай еш мойымай өткен жанның артындағы ұрпағына үлгі болып өтеріне еш күмәнім жоқ.  Басына түскен бар ауыртпашылықты көтере білген, тағдыр соқпағына түссе де , жігерін мұқалтпай ғұмыр кешкен аташымды ылғи да мақтан етемін...

Атам марқұм , өмірден бақытты жан болып өтті ғой. Жаның жәннәтта болсын, Аташым!

 


                                                                 Бостандық! Теңдік! Туысқандық!

 

     Ағеден жанда найзағай намыс ойнатып, оғыландарына ертеңгі таңның қамын ойлатып, бұлқына тасып ерке Ертістейін тербелген Алаштың ардақтыларының дара һәм дана жолдарының арқасында бүгінгі күнге жетіп отырмыз. Тұғырлы тәуелсіздігімізбен қатар келген азат елдің айбарлы тарих парақтарына көз жүгіртсек , осының барлығыны да себепкер болып келген  Алаштың арыстары еді.

 Алаш қайраткерлерінің бойынан табылатын ұшқыр қасиеттердің   барлығыда тіліміз бен ділімізді, елдігімізді және дәстүрімізді сақтап бүгінгі күнге жеткізуге көмектесті. Алғашқы дара жолды бастаған, ұлттық болмысымызды қайта қалыптастырып, ерекше леп әкелген және ардалы елдің мәдениетін бір сатыға жоғары көтерген Алаштың айбынды ерлерінің жасаған ерліктері деп білеміз. Сайын дала төсінде Құлагердейін құлдилап, сахараның белінде   алты Алашты ортақ ұранмен рухтандырып елдік мақсат пен ерлік қасиетке шақырған еді. Сонау дүбірлі шақта тұншыққан елдік сезімнің, қазақы намыстың бір арнаға тоғысып жалындауына жәрдем болған осы Алашымның қайраткерлері деп білеміз.

 Көрнекті алаштанушы М.Қойгелдиев «...Алаш –халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш- ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі...»

 Тарих сахнасында Алаш қайраткерлерінің есімдері ерекше аталып, жасаған ерлік пен еңбектері бағалануда. Өзінің ерекше қабілетімен, қайсарлығымен оқ бойы озық болып алға шығып топ бастаған жүйіріктердің ішінде Тарландайын дараланған Әлихан Бөкейханов «Алаш» қозғалысының көсемі болған. Әлихан атамыз зерделі ойымен терең білімімен алдыңғы қатардан табылып, бойында Көк Түріктің тектілігі бар екенін дәлелдеді. Ел тағдыры үшін тәлкекке түсіп, айдауға да абақтыға да көнген рухты ағаларымыздың басын бір арнаға қосуға барынша көмектесіп, қамқор болған көсем ретінде Әлихан Бөкейханов тарих парақтарында мәңгілік дара тұлға болып қалады.

«Алаш» қозғалысының себепкерлері болған қайраткерлеріміз сол кезде халықтың бар мұңын түсіне біліп, рухани серпіліс пен тіл және ой азаттығын сыйлағысы келді. Қоғам мәдениетінің төмендігін көре отырып, әлсіз халықтың көрген қорлығына көз жұма қарай алмады. Еңсе көтерер шақта қазақ арасына білім мен ғылымның керектігін түсінген. Сол себептен де қарапайым халықты барынша сауаттандыру үшін дала халқының көкірегін  оятып , ой саналығы мен ұлттық қасиетті ұштастыру арқылы Алаштың ортақ шаңырағына зиялы қауымды жинады.

Ұлт көсемінің жолын жалғаған  Алаш қайраткерлерінің  дара жолдары ел үшін де , жер үшін де мәңгілік  тарих болып сақталады. Осы тарихтың парақтарында есімдері алтын әріппен қаланған қайраткерлеріміздің есімдерін жүректерімізде сақтап өтейік. Бұл қайсар ерлеріміздің қатарында-  Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев , Мұхамеджан Тынышбаев, Жақып Ақбаев,

Мұстафа Шоқай, Ахмет Бірімжанов  есімді еңбегі де өмірі де елге елеулі болып кеткен тұлғаларымызды атап өтуге болады.

     «Бостандық! Теңдік! Туысқандық!» қазақтың белсенді тұлғаларының тастаған ұраны да барынша жалынды еді.

 Бостандық бойында қазақтың қанымен,

Өзіндік болмыспен рухани барымен.

Барынша халқына азаттық сыйлаған,

Бостандық қымбат деп білемін бәрінен.

 

Тең болу үшін терезең өзгелермен,

Өмірде мынау рухты бол өзгеленген.

Қзақтың бағы халықтың қорғаныма,

Теңдік сыйлаған болмайды-ау өзгеден кем.

 

Туысқандығың табысқан күнің бүгінгі,

Бар әлем естіп жатыр-ау азат үніңді.

Бірлігің сенің бірігуіңе себепші,

Әліде жете біле алмай жүр ғо құныңды.

    Алаштың ақ жолымен шарықтап  келе жатқан қазақтың текті ұрпағы бүгіннен ертеңге аманат етілген бостандықты бағалай білу керек. Алаш ардақтыларының көтерген туының астында нұрлы таңымыздың  мәңгілік сөнбеуі үшін еңбек етейік, талаптанайық және тарихымызды ардақтап өтейік.

Связанные Статьи