танымал аудармашы хақында:
Ақын, этнограф, аудармашы Шәкен Бөкетайұлы – 1972жылы 14ақпанда ҚХР-дың Баркөл ауданының дүниеге келген. Пекиндегі "Орталық ұлыттар унверситетінің " қазақ тіл- әдебиеті мамандығын тамамдаған. 1996ж. "Іле халық баспасына" жұмысқа орналасып, редактор әрі әсемөнер редакторы болып істеген. 2006жылдан бері «Құмыл алқабы» журналында жауапты редактор, қосымша әсемөнер редактры болып жұмыс атқарып келеді.
1994жылдан шығармаларын жариялай бастаған ол қазірге дейін Қытай мен Қазақстандағы түрлі басылымдарда, радио- Телевизиялық бағдарламаларда болып екі жүзден астам өлең, толғау, этнографиялық тың деректерін және бірталай әдеби аудармаларын жариялады. 2005ж. Шинжияң халық баспасынан «Өрік гүлдегенде» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрген оның көп өтпей, 2006 жылы Шинжияң әсемөнер- фотосурет баспасынан «Қазақ ою- өрнектері» атты фолклорлық кесек албомы жарық көрген. «Жас Уертердің қайғысы» , «Хазар сөздігі» , «Баркөл қазақтарының халықтық ән- би, күйлері» қатарлы кітаптарды аударып, баспадан шығарды.
Бұлардан сырт, «Мен жалындап өтемін » , «Жүзден жүйрік » , «Ұларлы тау» қатарлы алманақтарға өлеңдері енген.
Шәкен Бөкетайұлы бұдан тыс, 30-дан астам кітаптің жауапты редактор, 150ден астам кітаптың мұқабасының авторы болған һам осы аралықта қыруар кітаптарға қыстырма суреттер салып безендіру жұмысын үстіне алған. Автор Қытайдағы қазақ- қырғыз әдебиетшілеріне тағайындалған «Дүлдүл әдеби сыйлығының» , Тұңғыш кезекті «Қытай қазақтарының хұснихат байқауының «үздік хұснихат» сыйлығының» , Пекиндегі «Ұлттар әдебиеті» журналының саралауындағы 2012жылғы «Жыл үздігі» сыйлығының, Шыңжаң жазушылар одағының «Үздік редактор» силығы қатарлы сыйлықтардың иегері.
Автор бұл күндері Қытай аз ұлт жазушылары ғылми қоғамының мүшесі, Қазақ хаткерлык- сурет қоғамының алқасы, Шыңжаң жазушылар одағының, Құмыл аймақтык жазушылар бірлестігі мен көркемөнершілер бірлестігінің мүшесі болып табылады.
Шәкен Бөкетайұлының «Шәкен Бөкетайұлының сызба суреттері мен хаткерлік туындылары» атты албомы, «Сенбінің кеші» атты жыр жинағы баспадан шығу алдында тұр.
Милорад Павич (Сербия)
аударған: Шәкен Бөкетайұлы
Салуо Сук – доктор (1930.3.15 – 1982.10.2) архолог, араб тілі маманы, Новисад қаласындағы белгілі университеттің профессоры. 1982 жылғы көкектің бір таңы, ол оянған шағында шашының жастыққа басылып қалғанын, аузының жайсыздап, әлде бір кедір-бұдыр қатты заттың тығылып қалғанын сезгендей болды. Ол бейне қалтасынан тарақ алып шыққан сияқты қияпатпен, екі саусағын аузына жүгіртіп бір кілт алып шықты. Ол бір кішкентай алтын ділдәдан алақан салған кілт еді. Сук доктор төсекте жатқан беті кілтке қарап ойға кетті: адамның ойы мен ұйқысына тәуелді бір мүйізгек бар-ау, бөгдені сіңдірмейтін сыртқы қабық, былайша айтқанда қап, ішіндегі жұмсақ тыкандарды зияндалудан сақтайтын болар. Бірақ, сонымен бірге ой тілмен шарпысқанда, болмаса тіл ойды жанап отсе, манағы қабық лезде жоқ болады. Ал біз осы бір өзара жүріп жататын бітіспес қырқысқа еріксіз мойынсұнамыз. Қысқасы, Сук доктор шөп басқан үңгірдей көзін жыпылықтатып қанша ойланса да мұның байыбына бара алмады. Оны таңдандырған кілттің аузына қалай түсіп қалғандығы емес, басқа бір жағдай еді. Оның пайымдауынша мына кілт кем дегенде мың жылдық тарихқа ие еді. Сук доктордың архелогия саласында шығарған әр қандай қортындысы ағат кетпеуші еді. Сук профессордың ғылымдағы айбатына ешкімнің таласы жүрмейтін. Сук профессор кілтті қалтасына жайлап салып қойып, сосын мұртын шайнады. Әр күні таңертең тұрғанда мұртын шайнаса, есіне түнде ішкен тамағы түсуші еді. Мысалы, кеше кеште жеген бықтырған қырыққабат пен сарымсаққа қуырған бауыр келе қалады. Әрине, сақалының арасынан кейде лимонат, устрисса сияқтылардың қалдығы шығып жатқанымен, Сук доктор оның жұғып қалған дәмін біліп жатпайтын. Қазірде доктор кеше кеште өзінің төсекке кіммен бірге жатып, әлгінде ішкен кешкі ас туралы шүңкілдескенін есіне түсіре алмай әлек. Бұл таңда оның есіне түскені Желсомина Мохорович Анд Желсомина болды. Мохорович деген оның әр таң сайын қиялымен шалықтап, ойдан қиыстырып ойлайтын, екі жұма бойы кешкі асының алдында ойша жасасып келе жатқан адамы. Оның күлкісінен үнемі сайқалдық шығып тұратын, оның көзі моңғұл киімінің бүрмелері сияқты кірпігін қаққан сайын көз терісі мұрнына соғылғандай болушы еді. Нып-нығыз қысқа білектері жұмыртқа пісірердей ыстық еді. Ал, шашы жібектей төгіліп тұратын. Сук доктор оның шашының талдарымен жаңа жылдық сауқат қалбырын байлап қоятын еді де, оны көрген әйелдер оның кімнің шашы екенын бірден біле қоятын.
Сук доктор жуықта астанаға келгеннен кейін, шешесі тұратын үйге бірнеше рет барды. Сук профессор отыз жылдың алдында осы шешесінің сарайынан ғылыми зерттеу жұмысын бастаған болатын, бірақ бұл зерттеу жұмысы оны туған үйінен барған сайын алыстатып кетті. Ол ауелі өз өмір соқпағының дәм-тұзы таусылар жерінің ит арқасы қияндағы алыс бір қиыр екенін, ол арада сырты қарайып, кеуіп, үгітіліп қалған больва сынды қарағайлы текше екенін де сезінетін. Мейлі қалай болмасын, оның араб тану ғылымы саласындағы архелогиялық зерттеулері мен байқаулары, әсіресе, тарих сахнасынан әлдеқашан өшіп кеткен, бірақ, «рухтың қаңқасы болады, бұл қаңқа еске алуға қызмет етеді» деген әйгілі сөз қалдырған ежелгі ұлыс Хазарлар жайлы трактаты мынау ескі тұрақпен мүлде кірелесіп жатыр. Әу баста бұл үйде оның солақай нағашы апасы тұрыпты, бұл өзі де осы үйде туылған солақай еді. Бұл күндері осы үйде тұратын шешесі Анастация Сук ханым тұратын бөлме Сук докторддың еңбегіне алғашқы тиянақ болғаны шындық. Бұл кітап тоннан алынған жүннен есілген жіппен түптелген еді. Кітаптан шайдің исі бұрқырап тұрады, бүктеуін жазып оқу үшын, ерекше жасалған көзілдірік керек болатын, ол көзілдірік Анастация қанымның тек салтанатты орталарда ғана тағатын көзілдірігі еді. Анастация ханымның көзі аққудың көзіндей мөлдіреп тұратын, ол әр рет тізесіне қойған кітабін оқығанда, не әлде кімнің атын атаған (әкесінің аты болуы мүмкін, көмекеййнен жөтеліп шығарғандай, тіпті қан жұғып қалғандай болатын) кезінде, ұлы қарсы алдында пайда бола қалатын. Талай жылғы бейнетті еңбегі мен құныға зерттеуінің арқасында, Сук доктордың кәсібіне шырай кіре бастады. Ол он неше жыл құлшынып қыруар ежелгі материялдар және ескі теңге суреттері, тұз кұбысының қалдығын жинады. Ақыры бір ақиқаттың шұғыласы көрінгендей болды. Тағы бір айқын нәрсе, шешесі жуықта әлде шалғайда болсын, оған барған сайын ұмсына жақындап, оның өмірінде шыт жаңа ешкім де төлеуі бола алмайтын рөл ойнады. Ол пысып, толықсыған сайын, оның шешесі егделеп, еңкейген жасымен, бетіне түскен әжім-айқышымен оның ажары мен жан-жүрегінде күн өткен сайын маңызды орын алып бара жатқандай. Тіпті оның дүниеден өткеніне талай жыл болған әкесінің бейне-сұлбасын да бойына қосып, сіңіріп алған сияқты. Көзге ұрып тұрған тағы бір нәрсе, оның бойына әкесінен дарыған аздек қасиеттердің шеше қасиетіне ауып кетуі еді. Қазір өз күнін өзі көруге мәжбүр болып отыр, аиелдер істеуге тиісті кейбір жұмыстарды да амалсыз өзі істейді, қос қолына әкесінен дарыған ептілік те жоғалған. Ол шешесінің әрекетінің қоюлап, саусақтарының да икемсізденіп бара жатқанын сезеді. Ол сыртқа түйе боталағандай ғана шығып, туыстары мен дос-жарандарына сирек қатынайтын. Анықтаңқырап айтқанда, үйіндегілердің біреуінің туған күні болғанда ғана сыртқа шығатын (осы реткі сыртқа шығуы соның дәлелі). Ол есіктен кіргенде, шешесі аңқылдай қарсы алып, шашынан сүйді. Сосын оны ертіп қонақ бөлменің бір бұрышына апарды. Ол арада тұрған жақтаулы арқалы орындыққа жіңішке жіп байлап, дәл бір торайды арқандап қойғандай, екінші ұшын есіктің тұтқасына байлап қойыпты.
– Сүйікті Сасам меның, сен мені есіңе ала бермейсің, – деді ол ұлына, – мен ынты-шынтыммен өмірімдегі анау бір ең бақытты, ең бір көркем кездерді есімде сақтаймын. Сол шақтарды ойласам болды, есіме сен түсесің, сені ойлау дегенде онша бір көңілді жұмыс емес, сондай шадыман болғанымен, және сондай төзісіз қызмет істегендей боласың. Бақытқа қол жеткізу неге соншалық қиын, адамды неге соншалық діңкелетеді? Бір жақсысы бәрі де өтіп кетті, мәжнүн талды жел толқытып өткендей ғана. Тіпті бақытты болып та көрмеген шығармын, көңіл-күйімді тып-тыныш ұстап келемін. Алайда, сөйлемей-ақ қой, тағы бір адам мені сүйеді, есінде сақтап келеді!
Ол сөзін аяқтатып, хат қалбырын алып шықты, ішіне әлгі адамның оған жазған бір байлам хаты салыныпты.
– Қарашы,Саса, мынау Сук профессордың хаттары!
Бұл хаттарды шешесі Желсомина Мохоровичтың шаштарымен байлап қойыпты, ол хатты сүйіп-сүйіп алды да тебіренген дауыспен оқи бастады. Тап бір майдан жырын оқып тұрғандай аса толқып өз-өзін ұмытып кетті. Тіпті оны меймансарайға апару да есінен көтеріліп кете жаздады. Сосын ұлын абдырай сүйіп қоштасты. Көйлегінің ішінен іркілдеген омырауы пісуі өтіп бұзылған шырынды алмұрт сияқты әсер берді оған.
Сук профессор өзінің зерттеумен өткен өмірінің 30 табалдырығын аттағанда, көзі барған сайын өткірленіп, сылбыр құлағымен бәс таласқандай аузы тойпаңдаған шағында, еңбегі архелогия ғылымы мен шығыс тану ғылымы аясында барған сайын қолданысқа енген шағында, астанаға бармаса болмайтын бір себеп туындады. Қай күні таңертең, мынау көп қабатты балкүлше реуішті ашеметті тұрақтан, Салуо Сук доктордың есім картучкасы әлде бір фарфор сауттың ішіне барып түсті, оны көрген қожайын келушінің кім екенін білген. Әрине, осы ретте болсын, әлде кейінгі кездерде болсын оның танысқысы ешқашан гүлді сауттан шығып көрген емес еді. Алайда Сук доктор мерзімді уақытта осы ғимаратта ашылатын бір жиынға шақырған шақыртуды тапсырып алды. Ол жиын кезінде езуіне кешегі күннен қалған өрмекшінің торындай күлімсіреуін ілді де отырды. Дәл бөлмеге бастайтын даланға келгенде бұл Кульвы ғайып болды. Ол бір дөңгелек каридор еді, сен оны бойлап жүрер болсаң шыққан жеріңе маңгі қайта келе алмайтын едің. Ол бұл үйді өзі білмейтін тілде жазылған кітап сияқты деп ойлады, үйдің даланы белгісіз сөйлемдерден құралған сөйлем де, бөлме бейтаныс тілдің сөздік қоры сияқты. Содан да болар, күндердің бірінде әлде біреу бұған бірінші қабаттағы шірнеуігі өртеніп, қолқаны ататын сасық иіс бұрқыраған бөлмеде бұл үйге кіру үшін алынатын емтиқанға қатынасасың десе, ол титтей де таңғалмас еді. Екінші қабатта төбе-төбе кітап үйіліп жатыр. Оның трактатының салауатына ешкімнің таласы жүрмес еді. Ұқсас бір ғимараттың бірінші қабатында тұрғанда ол бойының аласарып кеткенін байқады, шалбары аяқ астынан ұзарып жерге сүйретілді. Бірінші қабатта даурығысып жүргендер екінші қабаттағылардың сөзін естігенімен, оның кітабын кәперлеріне де алмайтын сияқты. Ол жыл аралатып емтиқан тапсырып тұрды, оның үстіне емтиқаннан бұрын оның кім екендігін қазбалап сұрайды. Емтиқаннан кейін Сук докторға емтиқан нәтижесін ешқашан айтқан емес. Емтиқан нәтижесін архивке қондырғаннан кейін, емтиқан алу комиссия төрағасы оның, былайша айтқанда кандидаттың кәсіптік өресіне жоғары баға береді. Сол күнгі емтиқаннан кейін Сук доктордың бойы сергігендей болып, жолжөнекей шешесіне амандаса кетуге барды. Шешесі кәдуелгідей оны ас үйге ертіп барды, онан соң Сук доктордың қосымша бағыштамасымен басылған кітабін кеудесіне басып оған күлімсірей қарады. Ол автор өз қолтаңбасын түсірген кітапқа құрметпен көз жүгіртіп өтті. Онан соң шешесі баяғысындай оны бұрыштағы орындыққа отырғызды... шешесі адам таңғаларлық дәлдікпен ұлына анау Қырымнан табылған ежіреден шыққан кілттерге Сук профессор жасаған назариялық қорытындыны айтты: кілттің алақаншалары жабайы көшпенділер пайдаланатын – мыс, күміс немесе алтын жармақтарға еліктеп жасалған екен, кілттен бір жүз отыз бесын тауыпты (амалиятта, Сук доктор санап көрген, ежіреден шыққан кілт бір түменнен асады), ол әр бір кілттің алақанында ұп-ұсақ таңба немесе елеусіз әріптер барын байқаған, ол бастабында бұларды темір құюшы ұсталардың қысқартып жазған аттары әлде осы сияқты көбедей көп таңба-белгілер шығар деп ойлапты, бірақ, кейындеп мелжемдірек бір теңгенің бетінен тағы бір әріпті көрген, ал күміс теңгеден алақан салған кілттің бетіне үшінші түрлі әріп ойылыпты, алтын алақанды тағы бір кілттің бетіне ол долбарлағанындай-ақ, төртінші түрлі әріп бәдізделген екен. Осыдан соң ол қайтып алтын сабақты кілт таба алмаған, осыған негізделіп ол бір талантты қорытынды шығарған. ( Шешесі сөйлеп, тап осы маңызды жерге келгенде, оның жақсылап отырып, сұрақ қойып сөзін бөлмей тыңдауын сұрады): ол теңгелерді үлкенінен кішісіне қарай тізіп, бір жол сырлы сөзді, әлде белгісіз ныспыны оқып шыққан. Бұл ныспы екі әріптен құралған «Адже» деген сөз болған, соңында тағы да әріптер бар болуы мүмкін, алтын теңгелерден соғылған кілттерді айтамын, өкініштісі бұлардан басқа алтын кілт табылмаған, Сук доктор кем әріптерді Июдей әлпбиіндегі қасиетті әріптер болуы мүмкін деп топшылаған, оның үстіне еврей дініндегі бірден-бір жаратушы құдай есіміның (еврей дінінде бірден-бір нағыз құдай «Яхви» делінеді, Ыбырай тіліндегі «Інжілде» "Ихух" деп жазылған) соңғы әрпә – «х» болуы да әбден мүмкін екен. «Х» әрпә құйылған теңге адамға өлім әкеледі ғой.
Сонымен бірге, жыл аралаған көктем сайын, Сук доктордың есім карточкасы анау ғимараттың жарма есігінің сыртында тұратын фарфор шелектен табылатын болды. Ол әр рет емтиқанның нәтижесін біле алмайтын, ешкім де оған айтып бермейтін... бұл күндері емтиқанның арасы жиілеп кетты. Төрағаның орнына ылғи жаңа адамдар алмасып жатады. Сук доктордың бір қыз шәкырті бар, кішкене күнінен басы таз болатын, әр күні түнде басын итке жалататын, содан оның басына бір қабат болып теңбіл-теңбіл, алабажақ өлқая шаш шыға бастады. Семіздігі сондай, саусағына таққан гауһар жүзігін қайтып шығара алмайтын. Ал қиылған қастары балықтың қылтанындай иіліп тұратын. Басына қой жүні шұлықты кепеш есебінде киіп алатын. Ол өзінің ыбырсыған қалың айналары мен тарақтарының арасында ұйықтайтын, бір жағынан қорылдап, бір жағынан түсінде баласын іздейтін, оның қорылдаған дауысы жанында жатқан баласына ұйқы бермейтін. Қазір ол Сук доктордың емтиқанын басқарып жүр, оның талай уақыттан бері шала ұйқы боп, шашы түсіп қалған баласы үнемі жанында отырады. Сук мынау емтиқан дейтін қыл көпірден тезірек өтіп кету үшін бір жағынан емтиқан сұрауларына жауап берсе, енді бір жағынан баланың сұрағандарына да жауап береді. Емтиқанды беріп болып, шешесінің жанына барып жүрек жалғарда, діңкелеп әбден шаршайды, шешесі оның мына кейпін көріп шошып кететін:
– Шаша, байқасаңшы, сенің болашағың өткен өміріңнің түбіне жететін болды-ау! қарашы мынау ажарыңдағы қынжылысты...
– Еврейлерде қанша ауыз болады, білесің бе?
Шешесі осылай дегенде ол ас ішіп отырған.
– Байқаймын, сен білмейтін сияқтысың... оны бір адам, бәлкім Сук доктор бңледң, ол осы туралы жазған, аз күннің алдында мен оны оқыдым. Ол Израйл сахараларында уағыз айтқан кезңнде осы әңгімені қөтеріпті. 1959 жылы ол Дунай өзені алабындағы Чилалевте архелогиялық қазба жұмысын жүргізгенде, ол арада ежелдің ен күнінде біз білмейтін бір ежелгі қауымдық елдің өмір сүргенін тұрақтандырыпты, бұл қауым Ауарлардан да бұрын жасаған көрінеді. Ол бұл қазындыны VIII ғасырда Қара Теңіздің бойынан Дунай өзені атырабына келген Хазарлардың қорымы деп есептепті. Бүгін күн жәй болып кеттң, ертең Желсоминаның туған күн қонағасына келгеніңде, менің есіме сал, мен саған Сук доктордың осыған байланысты жазған адамды қайран қалдыратын бөлегін оқып берейін, керемет қызық...
Сук доктор шешесінің сұрауына жауап беруге оқтала беріп, кенет есін жинағандай болды да, аузынан бір тал кілт алып шықты.
Ол үйінен шығып, көшеге тартты. Тал түстің күні тап бір сүзекке шалдыққандай өртеніп тұр. Әлде бір сәуле шеңгелі оба аспанның көгілдір түсын түгел жұтып, ауа қорасанға шалдығып, құлғанаға жолыққандай, мерез жасушалар қағындырған бұлттар өлеттенып, сүлдерін сүйреп әрең қозғалатын сияқты...
Қан көшенің бойында, шалбар ауыстыру ойынын ойнап жүрген бір ұл бала газет буткасының түбіне келіп сарыды, оның сықпыты газет алып тұрған Сук доктордың балағына шашырады. Сук доктор маңгірген қияпатпен еріксіз бұрылып қарады, күн бойы түймеленбей ашық жүрген ауын әбден жатарда байқаған адамдай, аңыра аңқиып қалды. Дәл осы кезде бір бейтаныс еркек сұрланып келіп мұны құлақ шекеден көміп кетті. Ол күні күн қатты суық еді, Сук құлақ шекесіне тиген қолдың ып-ыстық екенін сезіп қалғандай болды, соққы тигенде жаны көзіне көрінгендей болғанымен, сұлап тұскенде рахат сезімге бөленді. Ол мынау томырық дүлейге салдарын түсіндірем дегенше, су болған балағының етіне жабысып сүрепетін кетіріп тұрғанын аңғарды. Тағы бір газет алып қайтаратын ақшасын күтіп тұрған біреу де оны құлақ шекесінен көсіп жіберді. Сук доктор бұл жерден кетуден басқа ақыл жоқ деп тапты да, жылыстай жөнелді. еш себепсіз екі шапалақ жегеніне аңкы-таңкы болды, бір білгені екіншы рет тиген жұдырықтан сарымсақ мүңкіп тұр еді. Енді кетпесіне тіпті болмай қалды, маңына бір қора адам топтала кетті де, текпінің астынан алып, ит кергіге сала жөнелді. Сук доктор шекелетіп тиген кей қолдардың мұздай суықтығын, бетін сүртитіп өткен кей қолдардың сондай бір жайлылығын сезінді, неге десең, оның тұла бойы қызып тұрған еді. Ол мынау өзіне жабылған қаптаған қол-аяқтың соққысында тұрып өзіне пайдалы бір жағдайды байқағандай болды, мұқияттап ойлауға мұрсасы тисін бе – құлақ-шекесіне едел-жедел қонып өткен екі жұдырықтың аралығында ойлауға орай беретін қанша уақыт бар ғой дейсің? Оның көзі жеткены – арт-артынан тиіп жатқан аяқ пен қолдар арасынан аулие Мак Соборынан алаңға қарай, былайша айтқанда оның әсілі бармақшы болған жеріне, нақтырап айтсақ, керек-жарақ сатып алмақшы болған шағын дүкенге қарай зымырау еді. Сөйтіп ол таяғын жей жүріп діттеген жеріне жақындай берді. Ол бір ғимаратты жағалай жүрді, еш бір дыбыс құлағына кірген жоқ, ешкімге де түс тоқтатып қарамады да. Жаңбырдай жауған соққы оның жүгірмесіне қоймады, қашып келе жатып тұңғыш рет шарбақ қоршаудың қуысы барын көзі шалды ( әсілі өзі де сол шарбақ жақтан шыққан), шарбақ қоршанның ар жағында бір үйдің тұрғанын, терезе алдында бір жас жігіттің скрипка ойнап тұрғанын көрді, ол тіпті нота сөресі мен нотаны да көрді, әуел десең оның ойнап тұрғаны Брухтың G кіші қалыптағы бірінші симфониясы екенін де жазбай таныды. Терезе ашық тұрғанымен, ол музыканың дыбысын ести алған жоқ. Сук доктор төпелеген таяқтан есеңгіреп қалған еді, өлдім-талдым дегенде, ит қуған тайлақтай тайраңдап келіп, дүкенге алқын-жұлқын кірді (сөздің шынына көшсек, ол бүгін осы дүкенге келу үшін үйінен шығып, көшеге келген болатын), есікті жауып алғаннан кейін барып жаны терезе тапқандай болды. Дүкен іші бадірен атызындай жым-жырт екен. тек жүгері палегінің борсыған иісі ғана қолқаны атады. Дүкенде тірі пенде көрінбейді, үй бұрышындағы жатқан қалпақтың ішінде бір мекиен жатыр. Кәрі мекиен сыңар көзімен шоқи қоятындай бірер нарсе бар ма дегендей Сук доктордың тұла тұлғасына шола қарады, онан соң екінші көзімен тағы бір барлап алып, жеуге келмейтінін білгендей, бір мезет үнсіз мүлгіп қалды, Сук доктор жеуге келетін және жеуге келмейтін екі болігімен қосылып, түгел бойымен тауықтың сана-сезіміне орнаған еді, тауық өзінің кіммен саудаласып тұрғанын ақыры білгендей болды. Кейін не болды, оны кезі келгенде Сук доктордың өзі айтатын болады.
Чиралев(VII-XI ғасырлар) Дунаи өзені алабындағы, Югославия шекарасы ішінен архелогтар байқаған орта ескі ғасырларға жататын үлкен қорым. Архелогтар бұның ішінде жатқан қаңқа иелерінің қай шаһардан келгенін әлі күнге анықтай алған жоқ, Чиралев барқынына бұл мүрделердің қалай көмілгенінде білмейді. Бірақ, қазба барысында табылған қоса көмілген заттарға талдау жасағанда, бұл бұйымдарда Аварлар мен ежелгі Парсылар Істеткен бұйымдардың ерекшелігі бар екендігін білуге болады. Моладан тағы бір қыдыру ұласпалы жеті шырағдан суреті кездеседі (жеті шырақ жаратушының жеті күнде аспан мен жерді жаратқанының төлеуінде тұр, ежелден бері июдайзмнің абзал есімі саналады) тағы да талайлаған еврейлердің нышандық заттары мен Ыбырай тілінде бәдізделген ойма жазулар да бар. Қырым түбегіндегі Херсоннан табылған бір архелогиялық қазбадан да ұласпалы жеті шамдал табылған, формасы Чиралевтан табылған шырағданмен егіздің сыңарындай. Архелогтар соған қарап былай қорытынды шығарған: Новисаттың маңайынан( Чиралев тұрған жер) табылған құрнақ – орнаға қарағанда, былайғы жұрт айтқандай, бұл жер Аварлардың ескі жұрты ғана емес, тағы бір ұлыс, Ғұндар келуден ілгері, Паннония аңғарында жасаған болуы мүмкін. Бұлардан сырт, мамандар кейбір қолжазба кітаптардың жұқанасын да тапқан, Белло патшаның естелікшісі (орда хатшысы) және Андалусиялық Абдул ХамитI-дің айтуынша, өзен сағасындағы бұл өлкеде Түріктердің заузаты тұрған екен (Исмайыл табы), тағы бір айтылымда олар Херсоннан келген рулардың заузаты делінеді. Осының бәрі айналып кеп мына бір ақиқатты айқындайды: Чиралев қорымында жатқандардың бір бөлімі иудаизмге шоқынған Хазарлар. Салуо Сук доктор архелог әрі араб тіл-мәдениетін танушы маман ретінде, Чиралев қорымын алғаш ашқандардың бірі саналады. Ол қайтыс болғаннан кейін адамдар ол жазып қалдырған осы қорымның байқалуына қатысты жазбаларын тапқан. Бұл шағын жазба Чиралевтың табылу жағдайын ғана шарпымай, осы бір архелогиялық жұртқа қатысты әр түрлі ұқсамаған көзқарастарды да естелікке алған. Ол былай деп жазған: « Чиралев қорымына жерленгендер кімдер дегенге келгенде, қайсысының айтқанына иланарыңды білмейсің, венгрлер олардың венгр, болмаса авар болуын үміт етеді, иудаилар иудай болуын қалайды, мұсылмандар мұңғұл болса екен дейді, бірақ, ешкім де олардың хазарлар болуын қаламайды. Алайда, олар талассыз хазарлар... моланың іші толған ежіре сынықтары мен ызбош берішті шамдал қалдығы, иудаилардың ырымында, бір ежіренің шағылуы бір адамның жан тәсілім еткенін, жоғалғанын білдыреді. Шынында мына молаға көмілгендер сонау бір заманда осында өліп, тұқымы құрыған хазарлар.»
Мағауия Әбу Кабр доктор ( 1930-1980) арабтық Ыбырай тілі маманы, Кайр унверситетінің профессоры.
Жақын шығыс өңіріндегеі діндерді салыстыра зерттеумен айналысады. иерусалимдегі бір унверситетті бітырген. Америкада докторлық диссертациясын қорғаған, диссертацясының тақырыбы: « XIX ғасырдағы испанbялық еврейлердің ескі пәлсапасы және жамыс қалам хұснихат оқытуы» еді. Ол бір тұлғасы зор, белі жуан жан болатын, жауырынының кеңдігі сондай, бір жақ шынтағы екінші шынтағына жетпейтін. Ол еврей Халевидің көп өлеңін жатқа соғатын, ол Даубомануждың 1691 жылы шыққан«Хазар сөздігін» қазіргі күнде де әлде бір ескі кітап дүкенінен тауып алуға болады деп қарайды. Осы қорытындысына дәлел табу үшін, XVII ғасырдан бер3 қарайғы осы кітаптың басып-таратылуына қатысты барлық оқиғаларды ыспаттап, кемелді де сенімді кітап тізімдігін құрастырып шықты, осы кітаптың әр нұсқасының дерегін зерделеді, кұны жоғалған, сақталып қалғаны тым аз, ол жұрттың бәрі жоғалып кетті деп есептейтін осынау сөздіктің кем дегенде екі нұсқасының әлі де бар екендігіне қорытынды шығарған. Осы сақталып қалды деген екі нұсқаның да қайда екендігінің жіп ұшын таба алмаса да, қажымай-талмай, асқан шөгелдікпен жалғасты іздеуде. Оның өнернамалық қуаты аса бір қарқын алып, осы сөздікке қатысты үш мың кітаптың индексін бастырып шығарған шақта, 1967 жылы израильмен египеттің соғысы басталып кетті. Ол египет әскеріне офицер болды, қызыл-қырман, қан майданда болды, жараланып тұтқынға түсті. Әскери қосынның материялындағы айғаққа негізделгенде, оның басы мен ұлы денесінің көп жері жараланып, тұрмығы тұрмайтын болып қалған екен. Ол елге қайтарылғарнда, бетіне тап бір орамал байлап алғандай-ақ, ажарында абыржи қыстыққан күлкінің табы тұрды. Ол меймансарайға түсе салып, үстіндегі әскери форманы сыпырып тастап, мыс айнадан тұңғыш рет денесіндегі жарақаттардың ізін көрді. Жарақаттардан сары шымшық саңғырығының күлімсі иісі шыққандай болады. Ол өзінің енді қайтып әйелдермен бірге жата алмайтынын түсінді. Киімін наумез қимылдап кие тұрып, «отыз неше жыл асбапшы болдым, әр күні тамақ істедім, ақыры өз денемді материял еткен қуырмашты да қуырдым; болкашы да болдым ғой, илеулі нанға да айналғам, мен өзім ұнатқан, өзім пейіл болған қамыр болдым, ойламаған жерден, тағы бір аспаз пайда бола кетті, қолында тұтып алған қыңырағы бар, көзді ашып-жұмғанша ол менен бұрын-соңды болмаған басқа бір қуырмаш жасады, мен өзімді өзім де танымай қалдым. Міне енді құдайдың апайымын, болмыста болмаған, жалған пенде болдым!» – деп ойлады.
Содан кейін ол мысырдағы үйіне барған жоқ, өзі сабақ беретін унверситетке де қайтып бас сұқпады. Александрия айлағындағы әкесінен қалған иен үйде тұрып қалды да, күндерін қарбаластықпен өткізе берді. Ауадағы ақшыл көбіршіктер балық желбезегінен шыққан көбіктердей-ақ башпайларына соғылып, онан кеңістікке қарай қалықтап кететініне қарайды да отырады. Ол өз денесінің түктерін көрер көзден жасырып, аяғына бәдауилердің сүйретпесін іліп алатын болды. сүйретпенің ізі дәл ат тұяғының ізінен аумайды, қай күні түнде баданадай-баданадай болып жаңбыр жауды, ол жаңбыр даусын тыңдап жатып, ақтық түсін көрді, сосын түсінде көргендерін жіпке тізгендей етып хатқа түсірді: екі әиел шағын меңреуден қашып шыққан кішкентай аңды көріп қалды, түгінің реңі төгіле құбылады, қылдырықтай екі аяғына жалғасқан табандары далапты аямай жаққан бояулы бет сияқты екен. Әлгі аң жолдан өтпекші болған еді, екі әйел: «қараңдар, мынау...» ( олар оның атын атады!) оның бір ұяласы өлтірілген немесе ұясы бүлдірілген. Қорқыныш оның апанының кескінін өзгертіп жіберген, тіпті де көркем болып кеткен. Қазір оған бір кітап, бір қалам және азырақ жеміс тосабын беріп еді, ол оқи бастады, тағы бірдемелер жаза бастады, бірақ ол жазуды қағазға емес, гүлдың шоғына жазды...
Бұл Әбу Кабр Мағауия доктордың түсі. Екінші күні кеште, тағы да дәл сондай түс көрді, бірақ, ол бірінші күны түс көргендей, әлгі кішкентай аңның атын есінде ұстай алмады. Сосын кейін, қашықтан және жақыннан түсінде көрген тұсын қайталай есіне түсірды. Алдымен кеше түнде көрген түсін есіне алды, онан соң алдыңғы күні көрген түсін ойына түсірді. Оған жалғастырып оның арғы күні көрген түсін де есіне түсірді, осы ретпен қуарлап отырып, тұтас бір жыл бойы көрген түстерін осы түны түгелдей жіпке тізіп шықты. Отыз жетінші түнгі түсіне келгенде, өз жұмысының жақын арада зор табыспен мәреге жететінін көрді, сонау шалғайда қалған бала шағында көрген түсінің айнымай қайталануы еді бұл, ал ол оянған кезде, осы көрген түстерінің бір де бірі есінде қалмайтын. Ол түсінде ер күтушісі Асыланның сақалымен тарелке сүйрткенін, қар жауғанда ғана ол жараққа отыратынын, жалаң аяқтарымен қамыр илегенін, әр бір әрекеттерінің 37 жасындағы доктордың өзінен аумайтындығын көрді.
Оның түнгі уақыттары, хазарлардың уақыты исяқты еді, өмірінің көмбесі мірінің қарақшысына қарай кері ағады, қазіргі кезде зау шегіне де жетіп қойып еді. Осыдан бастап ол қайта түс көрмеді. Ол мынау фәни дұниенің күнасынан ат кекілін кесісіп, үр жаңа тұрмысқа қол артқандай, әр күнінің кешін «Өлекшін қабақханасында» өткізетін болды...
«Өлекшін қабақханасында» орындыққа ғана ақы алынады, шарапхана ешқандай тамақ, ешқандай сусындық сатпайды, дін мен ғылымның итше тіміскілеген мүриттері осында өздері ала келген тамақтары мен арақтарын ішу үшін, болмаса, көпке ортақ ас шырасын қоралай отырып, қорылға басу үшін келеді. Шарапхана адамнан босамайды, бірақ ешкім ешкімді танымайды. Барлық ауыз қимылдап отырғанымен, еш адам сойлемейді. Қабақханада арақ сөресі, ас үй, маңғал, табақшы дегендер атымен болмайды. Есікте тек орын ақысын жиатын жалғыз адам отырады. Мағауия «Өлекшін шарапханасындағы» қонақтардың ортасына келіп жайғасып, найын сора отырып, ойланатын уақытты қайткенде қысқартуға болатынына қайта-қайта машықтанады, әр қандай ойды ойлауға жұмсайтын уақытын бір темекі тартымға кететін уақыттан асырмайды. Ол көңірсіген ауаны жұта отырып, маңындағы елдың «ескі дамбал» аталып кеткен қарманы немесе жүзім қосылған кады сықпасын қалай қомағайлана асағанына, олардың әр асаған сайын өздері ала келген тамақтарына қалай қыжырта қарайтын көз жанарларына, саусақтарымен тістерін тазалағанына, ұйқыдағылардың қалай тітірейтіндігі мен киімдерінің тысырайа қақырағанына қарайды да отырады.
Оларды бақылай отырып, бір жағынан ойға батады: бұның өзіне және аналарға тәуелдә әр бір қас қағым сәттер, әлде қашан өтіп кеткен ықылымдардың уақыт қиындысын тоқтаусыз талғажау етіп жатыр-ау. Үйткені өткен уақыт шындықпен кірелесіп жатады, өткен күндер шындықтан қуат алады, бұл ғана емес, қуат берер басқа ешқандай мазмұн болмайды. Өткен күндер деген сан-санақсыз қас қағым сәттер ғой, сансыздаған ғасырдың ұлы керуенінде, осы уақыттар сан санақсыз ертауылданады, бейне ұқсамайтын ғимараттардың сансыздаған кірпіштері сияқты. Біз шындап назар салатын болсақ, бүгіннің өзінде сол өтіп кеткен уақыттарды анық танып алатын едік, құдды жұрт құжынаған базардан виспа дәуірінің (бірінші ғасыр) бір дана дерқамын тауып алғандай, сатып алу үшін баға кесетін едік...
Бұл ойлары оны тиыттей де жанын жай таптыратындай сезімге жетелей алған жоқ. Қайта мына адамдарды байыптай бақылауы оған бірталай жұбаныш сыйлағандай болды. Осыдан басқа амал да жоқ еді, тек бір істі ғана күтуіне тура келеді: құдды өзінің оларды алдағаны сияқты, бұның тағы да басқа адамдарды алдауына олардың жол беруі еді. Осы бір топ мазасыз, ауыздары шайнаңдаудан әмір таппайтын адамдар оның өзінің ендігі жаңа өмірін тануына көмектесті. Олардың денесінен шығып тұратын күлімсі иістер кіші азияға дейін қалқып баратын еді, дегенмен олардың кейбіреулері өздерін бұдан да бақытсызбыз деп есептейтін. Ойлап осыған келгенде, оның жаны барахат бір күй кешті. Мейлі қалай болмасын, «Өлекшін қабақханасы» Мағауия жөнінен айтқанда, оқшау бір бейбітшілік аралындай болды. Теңіз тұзымен майдаланған үстелдер мен балық майымен жанатын шырақтар, шарапхананы өз тіршілігіндегі жетпіс жылдан гөрі салқар тарихты басынан өткергендей етіп көрсетеді, осының бәрі Мағауия ағаның жан дүниесін тыныш та бейбіт бір күйге болейді. Өйткені ол өзімен ілігі бар әр қандай адам мен кешкен күндеріне қатысты барлық затқа ендігарі төзе алмайтын болған. Өзінің жеке патентіндей, қазір оның жүрегін айнытатын нәрселер осы, өткен күндері де тұтастай күтумен келеді, өзі де әлде бір «жартылай өтіп кеткен» уақыттың ішіне ауыл үй қонып қалғандай, ол араның сүме тастары мен хас тастары да бір шеше, өзге әкеден туған апеке-қарындастар сияқты, ол араның көкектері де біреулердің жер басып жүретін күндерін санау үшін шақыратындай, ол араның ұсталары да әлі күнге қос жүзді семсер соғатындай...
Ол әр күны қабақханада отырып, кешкі асына деп сиырдың не қойдың құлағын жегеннен кейін, әкесінің өмірінің соңында қайта айналып соғып, зілдей құлыппен шегендеп кеткен үйіне қайтып келеді, сосын ол арада тау болып үйіліп жатқан ХІХ ғасырдың соңында Александрия айлағында шыққан ағылшын, әлде француз тілдеріндегі газеттерді ақтарыстырып, түн ортасына дейін отырады. Ол бақшалап қинаған катольктердің үстіне отырады, осылай отырса, етке мелдектеп алғаннан кейінгі буазыған қараңғылық ішіне түсіп кеткей сезімге келеді, сөйте отырып аса бір ашқарақ қызығушылықпен мынау ескі газеттерді оқйды, өйткені ескі газеттердің өзімен ешқандай ілігі жоқ болатын. әсіресе жарнамаларда бұндай мүмкіндік тіпті де болмайтын.
Ол әр түні әлде қашан о дүниелік болып кеткен белгісіз біреулердің жариялаған жарнамалары мен құлақтандыруларын оқиды, жасы бұдан әлде қайда кәрі, ескі жылдардың шаңына көміліп қалған бұндағы әріптер өз мағыналарын әлде қашан жоғалтып болған. Осы бір сарғайып кеткен газеттерде, жел-құз ауруына шипа болатын француздың шырын шарабының жарнамасы, ерлер мен айелдердің ауыз шайқайтын суын саудалау туралы жарнамалар бар еді. Августа Зеглер деген австриялық шығарған жарнамасына: ол ашқан шипахана аспаптарын, шипагерлер мен кіндік аналар қолданатын бұйымдарды арнаулы сататын дүкенде асқазан бұзылууды емдейтін дәрі, вена тамыры бұралған науқастар киетін ұзын қоныш байпақ жане жел толтырылған ұлтарақ сатылады деп жазыпты... тағы бір бүркеншік ат қолданған қаридар ақшасын бөліп төлеу жолымен бір еврейдің жанын сатып аламын депті, оның үстіне ең төмен дәрежелі қаймана біреудің жаны болса деп анық ескертіп қойыпты. Тағы бір атағын ат көтере алмайтын сәулетші хабарландыруына: қожайынның шертож бобасы бойынша аспанға, былайша айтқанда ұжымаққа, ол ұшын сәулетті саяжай салып беретіндігін, бағасының тым арзан екендігін, тек қожайынның өлерінен бұрын саяжайдың кілтын өзіне беріп кетуін жазыпты, сатып алушы талон бойынша барлық соманың есебін жапса, кілтін қолма-қол ала алатынын, алайда, ақшасын құрылыс салушыға төлемей, қайта, мысырдың қала кедейлеріне төлейтінін жазыпты. Бұлардан басқа, шырын айда шаш түсуді емдеу туралы жарнама, сиқыр сөз сату туралы жарнамалар бар еді, сайтан сөз сатам деуші, сатып алушының қалауына сай, ол сөзді кесірткіге немесе бір шоқ айгүлге айландырып беремін деп жазыпты, әуелі пайдасы құйылып тұрған жалпақ жерді танадай танапқа айландыратынын, осы бір теңгедей жерден әр жылдың көкек айының үшінші жұмасы күні айдың кемпырқосағын көре алатынын айтыпты. Тағы бір әкелі-балалы роннилар серіктігі деген серіктік жарнамасына былай жазыпты: әр қандай бір айел заты киім-кешегім таза, бит-бүргеден ада болып, безеу-бөріткеннен, секпіл-дақтан арыламын десе, серіктігіміздің опа-далабын жақсын, сонда ару қызға айналып шыға келеді. Тағы бір хабарландыруда былай делініпті: бір жүріс жасыл шәй демдейтін ыдыс бар, тұлғасына қарасаңыз шөжелерін ерткен парсы мекиенінен аумайды, сатып алушылар жетінші әулет имамның денесінде уақыттық қонақ болған рухтың бір тал шарасына ие болады...
Неше түрлі серіктіктердің, сауда сарайларының, дүкендердің аттары мен адрестері өткен ғасырдан қалған осы бір ескі газеттерден табылады, осынау серіктіктер, сауда сарайлары, дүкендер әлде қашан жоқ болған, саудалары да келмеске кеткен, ал, Мағауия болса осыбыр құрып жоғалған ескі дүниенің ішіне шым батты, өзі жолыққан нәубет пен қайғыға бұлардың ешқандай іліктестігі жоқ еді, осылардың арқасында ол өзінің жаңа қоғамын құтқарып қалғандай болды. 1971 жылдың бір кешінде, Мағауия доктор әр бір тал тісін жеке-жеке әріптерге өзгеріп кеткендей сезінді, сосын отырды да, 1896 жылғы бір хабарландыруға жауап жазды. Марқандай баспаша әріптермен осы бір тапсырыс беру хатының конвертіне әлде бір серіктіктің аты мен адресін жазып, почтадан салып жіберді, ал бұл серіктік XVIII-XIX ғасырдың өзінде-ақ Александрия кемежайынан жоғалып кеткен болатын. Сөйтіп ол бір қауым хат жазып, дерексіз мекенге салып жіберген еді, бір күні таңертең, ойламаған жерде хат тапсырып алды. Бейтаныс адам хатында Мағауия доктордың хат арқылы тапсырыс еткен, жарнамада айтылған, францияда өндірілген «толор» маркалы отбасылық бұйымдарға өте қанық екенін, өкініштісі, қазір қолында бұл бұйымдарды сату ұқығының жоқ екендігін, бірақ басқа заттарды жеткізіп беретындігін айтыпты. Айтқанындай, екінші күні таңертең осы хатта айтылғандай бір бойжеткен мен тағы бір тоты Мағауияның үйіне келді, екеуі қосылып ағаш ұлтанды жай табан кебіс туралы әнді қосылып шырқап берді. Онан кейін тоты жалғыз бір ән айтты, бірақ қандай тілмен айтқанын Мағауия біле алмады. Мағауия қыздан екеуінің қайсысының сатылатынын сұрады, ол: «өзіңіз таңдаңыз»,- деді. Мағауия