ҚР БҒМ 1-ші сыныпқа арналған оқулықтардың неліктен күрделі екенін түсіндіріп берді

/uploads/thumbnail/20170709194202318_small.jpg

Бүгін ғаламтор желісінде Алматы қаласының тұрғыны ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке оқулықтардағы тапсырмаларға қатысты өз шағымын видеоға түсіріп, ғаламторға жүктеген. Онда 1-ші сынып оқушыларына арналған оқулықтағы тапсырмалардың  өте күрделі екенін айтқан. Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа арналған оқулықта неліктен қиын тапсырмалар кездесетінін түсіндіріп берді.

«Оқушылар тек оқу мен жазуды ғана үйреніп қоймай, ойлау қабілетін дамыту қажет. Сондықтан жаңа оқулықтар қазіргі заман талабына лайықталып құрастырылған. Баланың жасы да ескерілді. "Физика", "Химия", "Биология", "География" пәндерін қабылдау балаға қиын соғады. Сондықтан бастауыш сыныптарда әлемнің ғылыми картасын қабылдап, қиын терминдерді түсінуі үшін «Жаратылыстану» пәні енгізілді. Бағдарлама кішкентай қадамдармен оқушының  білімі мен қабылдауын кеңейтуге негізделген» деп түсіндірді педагогтар.

Ал оқулықтардың ауыр салмағына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа арналған барлық оқулықтар 300-400 граммнан аспайтынын мәлімдеді.

 

 

Связанные Статьи