Италиядағы сұлулық байқауының жеңімпазына күкірт қышқылын құйып жіберген

/uploads/thumbnail/20170709194200143_small.jpeg

Италияда «Мисс Романья – 2007» сұлулық байқауының жеңімпазына күкірт қышқылын шашып жіберген. 28 жастағы Джессика Нотаро Римини ауруханасына ауыр халде жатқызылды деп хабарлайды Corriere della Sera газеті.

Дәрігерлер кем дегенде қыздың көру қабілетін сақтап қалуға үміттеніп отыр.

Оқиға бірнеше күн бұрын Риминидағы мейрамханалардың бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, жас қыз жігітімен бірге ресторанға кешкі ас ішуге барған. Бір кезде мейрамханаға баса-көктеп кіріп, олар отырған үстелге қарай бағытталған белгісіз адам қызға күкірт қышқылын құйып жібереді. Содан кейін қашып кетуге тырысады, алайда патрульдер ұстап алып, қамауға алады.

Белгілі болғандай, қылмыскер 29 жастағы Эдвон Таварес Джессика Нотароның бұрын кездескен жігіті екен.

Жасаған қылмысы үшін оған 10 жылға дейін жаза берілуі мүмкін.

Бұған дейін қыз Таварес өзін қорқытып жүр деп, полицияға шағымданған болатын.

Связанные Статьи