2017 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгеге тең болады. Ең аз жалақы - 24 459 теңгені құрады. Ал базалық зейнетақы – 12802 теңге. Ең аз зейнетақы мөлшері – 24 459 теңге деп хабарлайды kn.kz.
Жол қауіпсіздігі ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі көбейді
Жылдамдықты сағатына 10-20 киллометрге арттырғаны үшін салынатын айппұл 10 АЕК тең болса, ағымдағы жылы ол 22690 теңгеге жетеді. Ал дұрыс тоқтамағаны үшін 5 АЕК айыппұл салынса, енді 11345 теңге төлеу қажет болады.
Коммуналды қызмет бағасы өседі
Орташа есеппен электр қуаты – 5,9%, суық су – 7,2% , су тарту – 5,6%, жылу - 10,2%, ыстық су – 11,8% қымбаттайды.
Темекі мен ішімдік бағасы өседі
Ең арзан темекі 300 теңге болады. Бір литр арақ 1560 теңге болса, жарты литрі – 780 теңгені құрайды.
ҰБТ-дағы өзгеріс
Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа ережесіне сай, түлектер мектепте және ЖОО емтихан тапсырады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы іске қосылады
«Нұрлы жер» бағдарламасы ипотека бойынша пайыздық төлемді 10% төмендетеді.