"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында болған оқиғаға байланысты түсінік берді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін уақытша тіркелу үшін кезекте тұрған 50 жастағы ер адам Алматы қаласындағы Алатау аудандық ХҚКО қайтыс болды.
"Бүгін, 2017 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласы Алатау аудандық ХҚКО-да 1964 жылғы азамат Құнтақов Жарас Нұрқыбайұлының қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз. Жарас Нұрқыбайұлы ХҚКО-ға 9.30-да "Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу" қызметін алу үшін әйелімен бірге келді, бұл уақытта ХҚКО-да адамдар көп болмаған. Ол бірыңғай электронды кезекке талон алып үлгермеген әйелі бланк толтырып жатқан, 09.42-де азамат әлсіреп, оған ХҚКО-да кезекшілікте отырған медициналық жұмысшы жедел медициналық көмек көрсетті. 9.52-де жедел жәрдем келіп жетті, алайда Жарас Нұрқыбайұылын құтқару мүмкін болмады. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Жарас Нұрқыбайұлының жақындары мен туыстарына көңіл айтады" дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация өкілдері.
Корпорация өкілдері, мүгедектерге, жүкті әйелдерге ХҚКО-ларда жеңілдік-терезелері жұмыс істейтінін айтып, созылмалы аурумен ауыратындарға ХҚКО адам көп кезде келмеуді сұрап отыр. Ал 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер ХҚКО қызметкерін 1414 нөмірі бойынша үйіне шақырта алады екен.