Орталық барлау басқармасының құпия мұрағатында террористтік әрекет жасады деген күдікпен ұсталғандарды тергеу барысында оларды азаптағаны туралы мәліметтер бар деп хабарлайды New York Times газеті.
ОББ Джордж Буш президент болған шағында (2001-2009) 2014 жылы жарияланған 500 беттік сенат комитетінің баяндамасында ол туралы егжей-тегжейлі айтылмады. Құпия түрде сақталып отырған 6,7 мың беттен тұратын барлау мұрағатындағы құжаттар төңірегінде пікірталас толастар емес.
Құжатта Сауд Арабия азаматы Абу Зубайдахты қалай тергегені туралы да жазылған. Оны ОББ қызметкерлері жазды.
Абу Зубайдахты «Аль-Каиданың» көшбасшысы болуы мүмкін деп болжаған.
ОББ қызметкерлері тергеу барысында белгіленген нұсқаулықтарды ұстанғанын айтты. Алайда Зубайдах басқа ақпарат берді.
«Ол мені қабырғаға ұруын тоқтатпады. Басымды қабырғаға қатты ұрғаны соншалық, әр соққы сайын еденге құладым. Бір сәттері тіпті көз алдымдағыны бірнеше минут бойы көре алмаған кездерім болды. Мен толықтай тұра алмадым. Себебі мені қысқа шынжырмен байлап тастады» деді Зубайдах 2008 жылы өз адвокатына. Бұл құжат та құпия мұрағатта сақталған.
Құжаттарда тергеу барысында Зубайдахты табытқа ұқсас кішкентай қорапқа салып, медициналық препараттар салып, сумен тұншықтырғаны жазылған.