Алматыда 700-ге жуық жезөкшелікпен айналысатын әйелдер жауапкершілікке тартылды

/uploads/thumbnail/20170709195845691_small.jpg

700-ге жуық жезөкшелікпен айналысатын әйелдер жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3-і мен 20 қаңтарға дейін жеңіл жүріспен айналысатын 677 қызды жауапкершілікке тартты. Тексеру барысында анықталғандай барлығы 858 жезөкше ішкі істер органдарына тапсырылды.

«Түрксіб ауданының ІІБ-на бір тәуліктің ішінде 160 адам тапсырылды, оның 91-і жеңіл жүріспен айналысатын қыздар. Учаскелік полиция үй-үйді аралау барысында анықталғандай, Сейфуллин көшесінің 55-ші және Усачев көшесінің 4-ші үйлерінің бір тәулікке жалға берілетін пәтерлері жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысып келген. Оның үстіне тұрғын үйлерді жалға берушілер бұған дейін ҚР-сының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын», – деп мәлімдеді Алматы қаласының ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Сонымен қоса, ІІД мәліметінше, жезөкшелікпен айналысу үшін берілген келесі пәтерлер мен қонақ үйлердің иелері де жауапкершілікке тартылды:

  1. Клара Цеткин көшесі, 4;
  2. Стационная көшесі, «Натали» қонақ үйі,11;
  3. Сейфуллин даңғылы, 43, «Нұр» қонақ үйі;
  4. Дулатов көшесі, 17, аты жоқ қонақ үй;
  5. «Али» қонақ үйі;
  6. Зорге көшесі, 8А, 11 пәтер;
  7. Сейфуллин даңғылы, 13, 6 пәтер;
  8. Кунгарская көшесі,2, 5 пәтер.

Связанные Статьи