Мешіттен ерекше әсер алған ресейлік жұлдыз Исламға ғашық болып қалды

/uploads/thumbnail/20170709201256533_small.jpg

Ресейдің белгілі тележүргізушісі Виктория Боня ислам дінін қабылдағысы келетінін мәлімдеді деп жазады e-islam.kz порталы.

Оның ислам дініне деген қызығушылығына Біріккен араб әмірлігіне жасаған сапары себеп болған көрінеді. Ол әмірліктегі Шейх Зайед мешітіне келгенде ерекше әсер алғанын жасыра алмады.

Әлемдегі ең әсем де көрікті құлшылық үйі және ислам діні туралы ой-пікірімен Виктория әлеуметтік желіде былай бөлісті.

«Мен енді болмағанда ислам дінін қабылдай жаздадым. Кім біледі, бір күні ол да орындалар», - деп атап өтті ол.

Тележүргізушінің бұл жазбасына 17 сағат ішінде 75 мың қолданушы «ұнайды» белгісін қойып, 3700 пікір қалдырылған.

 



 

Оставить комментарий

Связанные Статьи