Судың зары қысқанда, құдықтағы қара судың өзін сатып алып ішесің! Күнің көршіңнің ат шанасына қараса, оғанда ақы төлеуге көнесің! Қазір Ақтөбедегі бүтін бір ауылдың жағдайы осындай боп тұр. Қысы-жазы бұлақтан су тасып ішетін тұрғындар, қар қалың түсіп, жол жабылғалы суға зәру. Ал, ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып қалғысы келетіндер, атшаналарын таксиге айналдырған. Онымен қоймай, судың әр флягіне 500 теңге сұрайды.