Димаштың үшінші кезеңдегі образы белгілі болды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709203647524_small.jpg

Қытайдағы «I am a Singer» жобасына қатысып жатқан Димаш Құдайбергеновтың үшінші кезеңде қандай ән орындап, қандай образбен шығатыны белгілі болды. Қазақстандық әнші Димаш британдық Queen тобының "The Show Must Go On" әнімен Hunan TV арнасында 4 ақпан күні Астана уақыты бойынша 20:00-де өнер көрсетеді.

Facebook әлеуметтік желісіндегі "Singer" парақшасында дайындық кезінде түсірілген фотолар жарияланды.

Еске сала кетейік, Димаш аталмыш жобаның екі кезеңінде де бірінші орынды иеленген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи