Ұлттық экономика министрі:«2017 жыл күрделі болады»

/uploads/thumbnail/20170709203809315_small.jpg

Қазақстанның Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов 2017 жыл ел экономикасы үшін күрделі жыл болмақ деп мәлімдеді, деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

«2017 жыл елiмiздiң экономикасы үшiн күрделi болады деп күтiлуде. Негізгі ресурстардың бағасы құбылмалы болуы, АҚШ әкiмшiлiгiнiң жаңа сауда-экономикалық саясаты мен валюта бағамының тұрақсыздығына байланысты жаһандық экономиканың алдында сын-қатерлер тұр. Бiрқатар елде саяси белгiсiздiк пен әскери қақтығыстар орын алуына ұласуы мүмкін. Осындай күрделі саяси-экономикалық  жағдайда бiз Елбасының Жолдауына орай Қазақстанда үшiншi жаңғыртуды бастаймыз. Біз экономикалық дамудың негізгі факторы оның сапасында екенін жақсы түсінеміз», – деп мәлімдеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтті. Жиында елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып жатыр.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи