Британия қорғаныс министрі: НАТО Ресейді тежеу керек

/uploads/thumbnail/20170709203914437_small.jpg

Ресей президенті Владимир Путин жалған ақпарат таратып, өте маңызды инфрақұрылымға хакерлік шабуыл ұйымдастырып Батысты әлсіретпек ойы бар деп мәлімдеді Ұлыбританияның қорғаныс министрі сэр Майкл Фэллон деп хабарлайды Reuters. Оның сөзінше Путин бұрындары КСРО ұстанған Батыспен стратегиялық бәсекелестік жолын таңдады дейді Майкл Фэллон. Осыған байланысты НАТО Ресейді тежеу керек деген ойда.

«НАТО мен Батыс елдері кеңестік негізде құрылған қазіргі заманның жалған шындығымен барынша күресуіміз керек. Еуроатланттық өркениет Путиндік «шындыққа» қарсы тұруы қажет» дейді Фэллон.

Бұдан бұрын ол ресейлік «Адмирал Кузнецов» ұшақ тасығышын «масқара кеме» деп атаған. АҚШ, Британия және Франция елдерінің ойынша Ресей Сирияда әскери қылмыс жасап жатыр.

«Біз сириялық халықтың қиыншылығын созғаннан басқа ештеңе бітірмейтін «Адмирал Кузнецовты» қатаң бақылап отырмыз» деді қорғаныс министрі.  

Мәскеуге қатысты айыптаулар АҚШ-тың БҰҰ-ғы түрақты өкілі Никки Хейлидің Украинадағы жағдай үшін Ресейді қатаң сынаған баяндамасынан кейін айтылды. 

Связанные Статьи