АҚШ-та орналасқан Айдахо университетінің планетологы Барнс Джейсонның айтуынша, Жердің серігі 65 миллиард жылдан соң біздің ғаламшармен соқтығысады екен. Алайда, егер сол уақытқа дейін Жер мен Айдың байланысы Күн жүйесіне жұтылып кетпесе ғана бұл мүмкін болып отыр, деп хабарлайды lenta.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
«Жер мен оның серігінің соқтығысуына Жер планетасының өз осімен айналуы бәсеңдей түсу себеп болады», - дейдіБрюсем Дормини атты эксперт. Екі аспан денесінің өзара айналдыру орбитасына резонанс енген жағдайда бұл процесс 50 миллиард жылдан кейін де болуы мүмкін екен.
Ол уақытта Айдың өз осімен айналу уақыты 47 тәулікке дейін баруы мүмкін. Ал қазіргі таңда Жер серігінің өз осімен айналу уақыты 27 тәулікті құрайды екен. Сонымен қатар, Айдың тек бір жақ беті ғана біздің ғаламшарымызға көрінеді.
Ай біздің ғаламшарымыздан жылына 4 сантиметрге қашықтап бара жатқаны мәлім болды. Шамамен, 6 миллиард жылдан кейін Күн қызыл түсті алыпқа айналып, Меркурий мен Венера ғаламшарларын өзіне жұтып алады екен. Көптеген эксперттердің айтуынша, ол уақытта біздің ғаламшарымыз Күн сәулесінің шамадан тыс түсуінен жойылады екен.
Аударған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий