Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) 2017 жылғы 7 ақпан күні «Жойылып бара жатқан түркі тілдері» атты көптомдық еңбекті, сондай-ақ Арал теңізінің тағдырына арналған деректі фильмді қалың көпшілікке таныстыруды жоспарлап отыр.
Бұдан бөлек, алқалы жиында Академияның Моңғолиядағы Шивээт Улан ғұрыптық кешеніне жасаған ІІ халықаралық археологиялық экспедициясының ғылыми жаңалықтары мен қорытындылары таныстырылады.
Бұл салтанатты шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері, Қазақстан мен шет елдерден келген белгілі түркітанушы, әдебиетші, тарихшы ғалымдар, дипломаттар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтіледі.
Іс-шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, «Мырзатай Жолдасбековтің мемориалдық кітап коллекциясы» залында, сағ.11.00-де өтеді.
Оставить комментарий