Шварценеггер Трампты мазақ етіп, телеарнада жұмыс істеуді ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709204142897_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты түрлі шымшыма сөздер, ауыр сындар азаяр емес. Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Дональд Трампты сөзбен түйреп өтті.

«Дональд, менде керемет идея бар. Қызмет орнымызды ауыстырсақ қалай қарайсың? Сен қайтадан телеарнада қызмет жасайсың. Себебі, сен рейтингты көп жинайтын сарапшысың ғой. Ал, мен сенің жұмысыңмен айналысамын және жұрт қайтадан уайымсыз ұйықтайтын болады», – деді Арнольд.

Трамп «Даңқтылық шәкірті» реалити-шоудың жүргізушісі және атақты америкалық актердың ұсынысына бірден жауап берді. Трамп жауабын Твиттер парақшасында жариялады.

«Арнольд Шварценеггер Калифорниядағы губернаторлық қызметін нашар атқарған еді, бірақ ол «Даңқтылық шәкірті» шоуында өзін, тіпті, нашар көрсетті. Алайда ол тырысты, қолынан келгенін істеді ғой», – деп мысқылдай жауап берді Трамп.

Арнольд Шварценеггер 2003 жылы Калифорнияның 38-ші губернаторы болып сайланған. Қоғамдық пікірдің сауалнамасы бойынша, штаттың 71%-ы оны өз міндетін дұрыс атқара алмайды деп көрсеткен. 2011 жылы бұрынғы губернатор қызметінен кетті.

АҚШ-тың заңнамасы бойынша, актер елдің президенттігіне сайлана алмайды. Өйткені ол Штаттың аумағында емес, Австрияда дүниеге келген. 

Связанные Статьи