Испанияда Украинамен дипломатиялық қатынасты үзу керек дейтіндер көтеріліс жасады

/uploads/thumbnail/20170709204337249_small.jpg

Бірнеше мың адам жексенбі күнінің кешінде Мадрид қаласының орталығында орналасқан СІМ ғимаратының алдында жиналып, көтеріліске шықты. Олар испандық биліктің Киевті жан-жақты қолдауларынан құптамайтындықтарын жеткізді. Керек болса, Украинамен қарым-қатынасты толыққанды үзу қажет екендігін айтып, соны талап етті.

Акция ұйымдастырушы, «Империалистік соғысқа және НАТО-ға қарсы форумның» ресми өкілі Анхелес Маэстро «Испания билігінен Украинамен қарым-қатынасты үзуді талап етеміз» деп «РИА Новостиге» хабарлады.

Соңғы күндері Украинаның шығысындағы жағдайдың өрши түсуі митингтің өткізілуіне себеп болған. Испандық белсенділер бар кінәні Киев билігінен көріп отыр. «Олар минстік келісімсөзді бұзды. Донбасстың бейбіт тұрғындарына тиісті, қару-жарақ қолданды» дейді олар.

Маэстроның айтуынша акцияға қатысушылар «Мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде пайда болған мемлекеттік қолдаған Еуроодақты кінәлап отыр» дейді.

Акция «Киев азаматтық тұрғындарды бомбылап жатыр. Донбасс қарсылық танытуда» деген ұранмен өтті.

 

Связанные Статьи