Эстонияның Сыртқы істер министрлігі Свен Миксер Мәскеумен диалогты күш көрсету арқылы жүргізу керек екеніне сенімді. Ол Путинді тек «қорқытумен» ғана ықпал етуге болатын рациональды және есепшіл адам ретінде санайды және НАТО бұл жұмыспен айналысып жатыр.
Бұл туралы саясаткер Helsingin Sanomat финдық баспасөзге берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның сөзінше, «Ресей көрші мемлекеттерге қатысты екі рет әскери күшін қолданды, 2008 жылы Грузияда және 2014 жылы Украинада. Бұл кездейсоқтық емес. Әңгіме тәртіп турасында болып отыр», – деді Свен Миксер.
Дауға айналған бұл пікірлер әлеуметтік желіде көп талқыға түсті. Соңында Эстонияның СІМ-іне басшысының сөзін түсіндіруге тура келді.
Министрліктің дұрыс емес аударылған сөзін түсіндіріп, СІМ өкілі Сандра Камилова жергілікті басылымдарға берген сұхбатында мекеме басшысы heidutus терминін қолданғанын алға тартты. Ал, ол орыс тілінде «тежеу саясаты» деген мағынаны береді екен. Тіпті, қорқыту, үркіту сөздері емес екен, – деп хабарлайды Sputnik.