Соңғы уақытта әлеуметтік желі қолданушыларын шулатып, біраз талқыға түскен "синий кит, тихий дом" атты ойын халықты біраз шулатқан еді. Аталмыш ойынға жасөспірімдердің қызығушылығы артып, 180 Қазақстандық қатысып жүр деген мәлімет тараған болатын.
5-tv.ru порталында хабарланғандай, аталмыш ойынды ұйымдастырып, жасөспірімдердің санасын улап, өз-өзіне қол жұмсауға үгіттеген, ақыр соңында мекен-жайын тауып алып туыстарыңды өлтіремін деп қорқытқан азамат 2016 жылда қолға түскен еді, деп хабарлайды "Қамшы".
Дереккөзде көрсетілгендей, ұсталған ресейлік азамат - Филипп Будейкин. Ол 15 жасөспірімнің өліміне себепші болған, сонымен қатар, жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деп айыпталған болатын. Тәртіп сақшылары оны ұстаған сәтте ол диванның астына тығылып, қарсылық білдірген.
Тергеу жұмысы барысында Филипп Будейкиннің Вконтакте желісінде жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға үгіттейтін жабық топ ашып, психологиялық тұрғыдан әлсіз жастарды жинаған. Топта негативті көңіл-күй мен өлім насихатталып, кейіннен кезең-кезеңімен тапсырма беріп отырған.
Алайда, аталмыш ойын тағы да басталды деп жастар шуасқан еді, кейбіреулері, тіпті, алғашқы кезеңнің тапсырмасын алып та үлгерген. Алайда, таңертең ғана ашылып тұрған суицидке шақыратын топ жабылып қалған.

