Қытайдағы "Мен әншімін" жобасында өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайберген Джеки Чанмен кездесті.
Бұл туралы Димаштың әкесі Қанат Айтбаев әлеуметтік желіде жариялады.
"Бүгін Бейжіңде Димашымыз атақты актер Джеки Чанмен кездесті! Димаштың әндерін телеарна арқылы тыңдап, ұнатып, кездесуге ынта білдіріпті. Өте керемет кездесу болды! Джеки мырза Димашқа өзінің күртесі мен фирмалық музыкалық құрылғысын сыйға тартты, біз өз кезегімізде оның иығына қазақы шапан жауып, домбыра сыйладық!", - деп жазды Димашқа қолдау білдіріп, қасында жүрген әкесі Қанат Айтбаев.
Димаш та әлеуметтік желіде өзін Джеки Чанның арнаулы шақырғанын жазды.