Белгілі саяси журналистердің бірі Билл О'Райли Путинді қанішер деп атағаны үшін Кремльдің кешірім сұрау туралы талабына жауап берді. Ол кешірімді 2023 жылға дейін күте тұруды сұрады деп хабарлайды РБК.
«Путиннің Мәскеудегі әкімшілігі мен секілді қарапайым корреспондент кешірім сұрауын өтініп отыр. Мен оған дайындалып жатырмын. Бірақ ол үшін біраз уақыт керек. 2023 жылға қарай шығар бәлкім» деді Fox News каналының тележүргізушісі Билл О'Райли.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Билл О'Райлидің сөздері Ресей көшбасшысын қорлау деген еді.