САРАПШЫЛАР: БИЫЛ БЕНЗИН ДЕ, ДИЗЕЛЬ ДЕ ҚЫМБАТТАМАСА, АРЗАНДАМАЙДЫ

/uploads/thumbnail/20170709204857242_small.jpg

Бензиннің бағасы теңгенің тағдырына тәуелді 

Кеше сұранысқа  АИ-92 маркалы бензині 137-ден 139 теңгеге, ал АИ-95 бензині 150 теңгеге дейін көтерілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір  жылда баға  13,7 пайызға қымбаттаған екен. Сарапшылар 2017 жылы  бензиннің де, дизельді отынның да бағасы қымбаттамаса,  арзандамайтынын айтады.   Себебі, рубль девальвацияға ұшырауы мүмкін.  Ал бұл өз кезегінде Ресейден келетін тауарлардың, соның ішінде бензиннің де қымбаттайтынын білдіреді.  

Сарапшы Ғалым Құсайыновтың айтуынша, бензиннің қымбаттайтыны  бұрыннан күтілген болатын.  «Бензиннің қымбаттауының 3  негізгі  факторы  бар. Біріншісі  теңгенің  рубльге  шаққандағы құнының  құлдырауы.  Қазіргі таңда валюта нарыңында 1 рубль 5,4-5,6 теңгенің аралығында  саудаланып жатыр.  Сәйкесінше,  Ресейден сатып алатын тауарларымыз, оның ішінде бензин де қымбаттауда. Екінші фактор - Ресей  Федерациясындағы  жанармай бағасының өсуі.Біздің ішкі  нарықтың  30-35 пайызға дейін көршінің сұйық отынына тәуелді. Сол себепті  Ресейдегі бензин  бағасы біздің нарық үшін  индикатор болып отыр.  Үшінші фактор,  отандық мұнай өңдеуші зауыттардың қуатының аздығы мен әлемдік нарықтағы мұнай бағасының  қымбаттауы»,- дейді ол.

Ресейдегі баға бізден жоғары – бензин 36,5 пайызға, дизельді отын 73,7 пайызға. Мысалы, соңғы көрсеткішке жүгінсек, көрші елдегі  1 литр бензин бағасының теңгеге  шаққандағы құны 185 теңгені төңірегінде.  Бұл өте көп, әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясында шекаралардың ашықтығы айырмашылықты  ұстап тұруға  мүмкіндік бермейді.

Бензиннің қымбаттауының басты себебі -  елімізде  жанармай қорының  аздығы

Ал экономист  Сергей Смироновтың айтуынша,  бензиннің қымбаттауының басты себебі -  елімізде  жанармай қорының  аздығы.  «Бұрын   Энергетика  министрлігі  Мұнай  өңдеуші  зауыттар  модернизациядан өткеннен жылына 18-18,5 млн тонна мұнайды өңдейді деп жоспарланған еді. Алайда  кейінгі мәліметтер бойынша 15,8 млн тонна ғана өңдейтін болып бекітілді. Қазақстандағы автомобиль саны жыл сайын өсіп жатқанын ескерсек ( 2016 жылы  6 млн 200 мың автокөлік    тіркелген.- автор), мұндай көлемдегі бензин  ішкі сұранысты  қамтамасыз ете алмайды. Мұндай жағдайда сөзсіз Ресейге тәуелділігіміз арта түседі. Оның  үстіне, жаңа көліктер көбейсе  Еуро 4 және Еуроп-5 стандартына сай жанар-жағармай қажет болады. Ал біздің зауыттар Еуро-2 санатындағы бензин  өндіруге ғана мүмкіндігі бар,»- деді  сарапшы.  

Айта кетейік,  қаңтардың соңында  «ҚазМұнайгаз  өнімдері» ЖШС-і  бензин  өкілдері    145 теңгеге дейін көтерілетіні туралы айтқан  болатын.  Сарапшылар да мұнымен келісетінін жеткізді. Сергей Смирновтың айтуынша, алдағы егістік науқанына қарсаңында және  Ресейдегі акциздің өсуіне байланысты  жанар-жағармай бағасы тағы да  қымбаттауы мүмкін.  Ал Ғалым Құсайыновтың есептеуінше,  Ресейдегі бензин бағасы 185 теңгенің төңірегінде. Еліміздің мұнай бағасын реттеуші жүйе тұрғысынан есептегенде, яғни  ресейлік салықты (1литр құнының 60 пайызы)  алып тастап, транспорт шығындарын қосқанда  1 литр бензин бағасы  140-145 теңгенің шамасында болуы тиіс.

 

Жания  Әбдібек

Журналист

Связанные Статьи