Армениялықтар: Назарбаев бізден кешірім сұрауы керек

/uploads/thumbnail/20170709204907701_small.jpg

Армениялықтар Таулы Қарабақтағы аймағындағы қақтығысты барынша тоқтатқысы келеді. Бұл келеңсіздіктерге қатысты жаңа бастамалар көтерілген жерде ең алдымен Қарабақ сепаратистерін келіссөздер үстеліне қайтару мәселесін көтеретін болған.

Таулы Қарабақтағы текетіресті тоқтату мақсатында жаңа бастамалар ұсына алатын Нұрсұлтан Назарбаевтан армениялықтар кешірім сұрауды талап етіп отыр, деп хабарлайды aze.az, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл іске қатысты жүргізіп отырған саясаты армениялықтардың көңілінен шықпаған тәрізді.

Анығын айтқанда, Таулы Қарабақ мәселесімен Армения ЕАЭО-ға мүше бола алмайды деген мәлімдемесіне қатты ашуланып отыр. 29 мамыр күні ЕО-ны құру мәселесі жөніндегі құжатқа қол қойғанда осындай мәлімдеме жасаған болатын.

Армения президенті Серж Саргсян әріптестерінен 2014 жылдың 15 маусымына дейін ЕО-ға мүше болу үшін қол қоюға мүмкіндік сұраған. Бұл сұраққа Нұрсұлтан Назарбаев Армения ЕО мен Кедендік Одаққа мүше бола алмайтындығын айтқан екен.

«Сіздер ДСҰ-ға қалай кірсеңіздер, ЕО-ға да дәл солай БҰҰ аясында крулеріңіз керек. Біз Әзірбайжан президентінен хат алдық. Хатта айтылғандай, сіздер ДСҰ-ға мүшелікке енген кездеріңізде БҰҰ арасында қабылданған ережелер Армения еліне де таралады деген уәде берген болатынсыздар», - деп мәлімдеді Назарбаев.

Армениялықтар мұны ұмытқан жоқ. Алайда, ақылға қонымсыз талаптарымен Арменияның Ұлттық жиналысында  ІІ Парламентінің комиссия мүшесі Теван Погосян мәлімдеме жасады.

«Егер Қазақстан, шын мәнісінде, Таулы Қарабақтағы келеңсіздіктерді реттегісі келсе, ең алдымен үш елдің келісімін алуы қажет: Баку, Ереван және қуыршақ режимінде тұрған Таулы Қарабақ.  Егер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарабақ мәселесіне атсалысқысы келсе, Ереван мен Ханкендіге ат басын бұрып, Арменияға қарсы жүргізген саясаты үшін кешірім сұрап, армениялықтардың сеніміне ие болуы қажет», - дейді Погосян.

«Қазақстан Таулы Қарабақ мәселесін толыққанды шешу үшін бар күшін аямайды. Бұл мәселе Астананы алаңдатып отыр және оның Әзірбайжанмен арадағы дипломатиялық келісім үшін қауіп тудырып отыр. Әзірбайжан – біздің бауырлас мемлекетіміз, ал Армения интеграциялық жобаларды іске асыруда біздің серіктесіміз. Сол себепті де, Қазақстан Таулы Қарабақ мәселесінің түбегейлі шешімін табуға барынша көмектеседі», - деп мәлімдеді Қазақстан Парламентінің депутаты Ахан Бижанов.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи