Жанар Дұғалованың жаңа туындысы көпшіліктің сынына ұшырады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709205112491_small.png

Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші Жанар Дұғалованың кезекті бейнебаяны жарыққа шықты. Жаңа туынды көпшіліктің көңілінен шыққанымен, бұл әнге түсірілген бейнебаян біраз адамның ашуын келтірген. Оған себеп - бейнебаянның соңында актер Тәуекел Мүслім мен Жанардың "сүйісуі". 

Бұл мәселенің мән-жайын әнші былай деп түсіндірді:

“Тырнақ астынан кір іздеудің қажеті жоқ. Мұны тек екі адамның арасындағы махаббат, баянсыз махаббат ретінде қабылдаңыздар. Әрине, біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Біреу түсінеді, біреу түсінбейді, сын айтады. Оған дайынмын”, - дейді Жанар.

Алайда, желі қолданушыларының біразы бейнебаян мен әнге деген бағасын білдіріп, әншіге сәттілік тілеп жатса, енді берулерінің пікірлері мынадай болды:

"Шешіне салмады ма... Негізі мықты əн! Қазір интернетте кішкене өсіп келе жатқан жастар сіздер не істесеңіздер соны қайталайды!

Ендігі сұрақ Тәуекелге: Қай актриса немесе әнші жақсы сүйіседі екен?

Қазақтар сүйісе бастады

Орысқұлдар арзан əнге бола қуанып жатыр. Бұлардың əлемі жалаңкөтпен тең екен, əннің мағынасы жоқ, зина жасап, төсі мен санын ашып өздері тозақта отын болатынын мойындап тұр, тек тəн рахатын іздеп мəз."

Связанные Статьи