«Ата Заңым» күнде жатыр құбылып,
Үлгермедік саясатын ұғынып.
Жақсылыққа апармайды түбінде,
Жығылғанда болар бізге жұдырық.
Басымызға әңгір таяқ ойнатар,
Жерімізге отырғандар құнығып.
Енді бәрі Елбасының қолында,
Қол қоймаса кетер қауіп бұрылып.
Азаттықтың «жиырма алтыншы» жылында,
«Жиырма алтыншы» бап өзгерсе құрыдық!
Торғайлық ақын – Саят Әбенов