Йемен Сауд Арабияның астанасына ракеталық соққы жасады

/uploads/thumbnail/20170709205140894_small.jpg

Дүйсенбі күні, таяу шығыс БАҚ беттерінде көрсетілгендей, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа ракеталық соққы берді, деп хабарлайды vestikavkaza.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Шабуылды «жер-жер» деп аталатын баллистикалық ракета классы жасаған. Йемен жіберген ракеталық қару Эр-Риядтың батысында орналасқан Мазахимия әскери базасына барып түскен. Шабуылшылардың айтуынша, соққы өте сәтті түрде жасалған. Алайда, құрбан болғандар мен қиратылған жерлер жайлы ешбір ақпарат жоқ.

Йемен БАҚ өкілдерінің хабарлауынша,  Сауд Арабиясының астанасында төтенше жағдай болғандығын жариялаған, ал биліктегілер бұл апаттың салдарын метеорит құлады немесе жер сілкінісінен болды деп көрсетпек екен.

Интернет желісінде Эр-Риядқа жіберілген ракеталық соққының видеосы таралған. Дегенмен, бұл кадрлар ешбір дәйек келтіре алмайтындығын айта кеткен жөн.

Связанные Статьи