«Хэбэй Форчун» Қытай клубындағы аргентиналық шабуылдаушы Эсекиэль Лавесси әлемдегі жалақысы ең жоғары футболист бір жыл бойы бірде-бір гол салмаған деп хабарлайды lenta.ru.
2016 жылдың маусым айында Лавесси аргентиналықтар мен АҚШ командасының арасындағы Америка-2016 матчында қолын сындырып алған. Қытайға қайтып оралғанда «Хэбэй Форчун» құрамындағы негізгі орнынан айырылып қалды. Осы уақыт аралығында команда үшін ол 10 матч өткізіп, біреуінде де гол салмаған.
Лавесси аптасына 577 мың еуро (620 мың доллар) табады. Ол «Хэбэй Форчун»-мен 2016 жылдың 12 ақпан айында келісім шартқа қол қойған. Осылайша француздық «Пари-Сен Жермен»-нен Қытайға көшіп келді.
Оставить комментарий