Джоанна Палани есімді 23 жастағы даниялық студент қыздың басы үшін 1 миллион доллар марапат тағайындалып отыр, деп хабарлайды muslim.kz
Джоаннаның мұндай «мәртебеге» ие болуына 100-ден астам ДАИШ жауынгерін өлтіргені себеп болған. Ол әскери қызметі кезінде күрдтер орналасқан аумақта жүріп ДАИШ лаңкестік ұйымының 100-ден астам сарбазының көзін жойған.
Джоаннаның қанында иранның да, күрдтің де қаны бар. Ол Парсы шығанағындағы соғыс кезінде Ирактағы босқындар лагерінде туған. Жасы 2-ге толған кезде оның отбасы көшіп кетеді. Ал, 9 жасында ол алғаш рет қолына қару алады.
2014 жылы Джоанна Даниядағы оқуын тастап, Сирияға аттанады. Осы жерде ол Сирия оппозициялық күштеріне қосылып, Башар Асад билігіне қарсы күреседі, кейін ДАИШ-қа қарсы соғысады.+
Ол негізінен соғыс қимылдарын Кобани қаласында жүргізіп, тұтқынға түскендер мен секс-құлдыққа тап болғандарды босатумен айналысады.
Оның әрекеті Дания үкіметінің де назарын аударады. Елге кезекті рет келген кезде оған соғыс болып жатқан аумаққа баруға тыйым салынады. Алайда, Джоанна мұнымен келісе алмай, Катарға аттанады. Бірақ қызды ұстап алып, Даниядағы ірі түрмеге қамайды. Үш аптадан соң оны босатып, төлқұжатын тәркілейді.+
Ол тыйымды бұзғанына өкінеді. Бірақ, дат үкіметінің өзін ДАИШ терроршыларымен теңестіріп қойғанына келіспейді. Ал, лаңкестер болса оның басы үшін 1 миллион доллар тағайындаған.
Бұрынғы студент қазір жасырынып, өз өмірі үшін қауіп үстінде жүр. Ол әр үш күн сайын орын ауыстырып, қашумен келеді.
Оставить комментарий