Бұл жайында ойлаудың өзі қорқынышты. Токионың жаңа сәні

/uploads/thumbnail/20170709213641361_small.jpg

Токиода сәнге айналған әдіспен суретке түсу үшін, ғашықтар өз өмірлерін қатерге тігуде. Олар суретке түсу үшін вакуумға орану керек. Бұл жайында pic-words.ru парақшасы жазды.

Хал Кавагути есімді фотограф адамдарды суретке түсіру үшін вакуумге орайды да, ауасын суырып алады. Тек суретке бірнеше секунд ішінде түсіріп үлгеруі тиіс. Үлгермеген жағдайда, адамдар тұншығып қалуы мүмкін. Суретке түсудің бұндай тәсілі қауіпті болғанына қарамастан, клиенттер саны күн санап артып келеді екен.

Хал Кавагутидің пікірінше, вакуумге оранып суретке түсу ғашық жандардың сезімін одан сайын арттыруға септігін тигізеді екен. Себебі, ғашықтар бір-біріне етене жақын болады. «Мен суретке түсірмес бүрын, қос жұптың дайын екендеріне толықтай сенімді болуым керекпін. Олар өз-өздеріне сенімді болған жағдайда ғана, вакуумның ішіне кіреді. Ал, мен ішіндегі ауаны суырып аламын. Суретке 4 секундтың ішінде түсіріп үлгеруім тиіс».

Процесс барысында, адамдар 10 секундтай дем шығармауы тиіс.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Оставить комментарий

Связанные Статьи