25 ақпан 2017 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті мен «Ақ жол» демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Алаштану» Орталығында Алаш идеясының 100 жылдығына орай жас ғалымдар арасында«Ұлттық идеяға айналған «Мәңгілік Ел» атты Дөңгелек стол өтеді.
2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Қазақ халқының тарихы бүгінде біздің мемлекетіміздің және барлық қазақстандықтардыңжалпы тарихы болуы тиіс. Бұл-біздің ортақ тағдырымыз, ол өткен шақта бізді біріктірді және болашақта біздің тұтастығымызды құрайды. Сондықтан, «Мәңгілік ел» дегеніміз – еліміздің шексіз өмір сүруі, үнемі дамып, жетіліп, өркендеуі.
Дөңгелек стол мақсаты қазақ халқының тарихындағы және мемлекеттілігіндегі «Мәңгілік Ел» идеясының алатын орны және оның маңыздылығын талдай отырып, қазіргі заманғы ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға үлес қосудағы негізгі басымдылықтарды жас буын көзқарасымен айқындау.
Дөңгелек стол аясында қарастырылатын негізгі мәселелер:
-
«Мәңгілік ел» - ежелгі түркілер арманы
-
ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы - тәуелсіздік
-
Қазақстанның жаңа жаһандық жаңғыруы: тарихы мен болашағы
Дөңгелек стол басында тарих, саясаттану, заң, журналистика, халықаралық байланыстар факультеттерінің студенттері, жас ғалымдар мен жас кәсіпкерлер бас қосады.
Өтетін орыны мен уақыты: 25 ақпан 2017 жыл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті «Алаштану Орталығы», Е.Бекмаханов атындағы (406) аудитория, сағат 11.00
Оставить комментарий