Оңтүстік Қазақстан облысынан республиканың өзге облыстарына жоғары оқу орындарына оқуға түскен жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Бұл бастама Елбасының «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы үндеу қосып отыр, аталған шара жастарға барынша қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бала туу деңгейі жоғары, ал, еліміздің солтүстік өңірлерінде демография көрсеткіші қуантпайды. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Қазіргі таңда мұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында педагогикалық мамандықтарға 7 жоғары оқу орына (ЖОО) үшін арнайы 1050 грант, 23 колледжде білім алушылар үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінді. Осыған сай солтүстіктегі жеті жоғары оқу орнына Оңтүстік Қазақстан облысынан барлығы 487 жас оқуға түскен.
Бұндай бастама алдағы жылдарда да жалғасын табатын болады.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий