Ninety One тобы туралы фильм жарыққа шықпақ

/uploads/thumbnail/20170709220156396_small.jpg

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Ұзабаев қазақ жастары арасында аса танымалдылыққа ие болған One туралы кино түсірмек, деп хабарлайды «Гәкку» арнасы.

“Біз Ninety One тобы туралы фильм түсіруді қолға алдық. Қазіргі таңда сценарий жазылып жатыр. Ninety One туралы толығырақ білгісі келетін топ жанкүйерлері алдағы күзде киноны тамашалай алады. Фильм балалардың топқа қалай келгендігін баяндаған әңгімесі негізінде түсіріледі”, – деді Ұзабаев.

Ninety One 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған жас топтардың бірі. Топ құрамында Азамат Зенкаев, Батырхан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кулумшин бар.

Связанные Статьи