ЭКСПО құрылысында жұмысшы қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170709220151406_small.jpg

ЭКСПО-2017 көрме объектілері  салынатын ауданда жұмысшы қаза болды деп хабарлайды Қамшы порталы ratel.kz-ке сілтеме бере отырып. Оқиға дүйсенбі күні 27 ақпанда сағат  1-лер шамасында орын алған.

«Хусейн Бен Талал көшесінде орын алған қайғылы оқиғаға  байланысты Астана қаласының ІІД Қ.Р-ның ҚК-ның 156-бабына сәйкес (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізуде» деп хабарлады Астана ІІД.

Полиция басқармасы өз кезегінде қаза тапқан жұмысшының 25 жаста болғанын, оқиға орнында жедел жәрдем келместен көз жұмғанын жеткізді.

Сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары аясында сраптама жасалады деп шешілді.

«Астана қаласының еңбек пен әлеуметтік қорғау басқармасының бастамасымен, жұмыс берушінің кінәсін анықтау мақсатында арнайы  зерттеу жүргізіліп жатыр. Осы зерттеу нәтижесі процессуалды шешімге әсер етпек »- деп атап өтті ІІД-ның пресс-хатшылығы.

«Астана ЭКСПО-2017»  компаниясы орын алған оқиғаға қатысты өз пікірлерін әзірге білдірген жоқ.

Связанные Статьи