Күнделікті өмірде біз, яки адамдар қауымы, жарнаманы әрбір бес минуттық жолда кездестірміз. Жарнаманың адамдар психологиясына сіңіп кеткені соншалық, елемей, назар аудармай өте беретін кездер де болады. Жарнама психологиялық тұрғыда адамдарға қысым жасап, ығырын шығарып та жатады. Себебі ол- міндеттеу, байланып алу қызметтерін атқарып жүр.
Дүниедегі барлық заттың жарнамасы бар. Олардың ішінде қажетті де, қажетті еместері де жетіп артылады. Автокөлік, банктер, зергерлік бұйымдар, оларды шығаратын ұйымдар, бәрі жарнамаланады, ал кітап не себепті жарнамаланбайды?
Шындығына келгенде, егер телеэкраннан жарнамаланып жатқан Агата Кристидің туындысын жарнамалап, не болмаса, "Сисилия Ахерннің жаңа кітабы жарыққа шықты" деп көгілдір экранның арғы жақында хабарлап жатса, өте қызық, мүмкін бүртүрлі, тіпті ерсі көрінер ма еді?
Бұл сұраққа басқа жағынан келсек, «Жақсы нәрсе жарнамаға мұқтаж емес» дейтін болсақ, ол да дұрыс болар еді. Жақсы кітап жарнамасыз- ақ өтімді, әрі кітап қаражат пен атақ жинау құралы болып кетсе, саны бар сапасы жоқ әрбір кітапты теледидардан жарнамалап кетсе, оған деген қызығушылық азайып қалуы мүмкін. Себебі, жарнаманың мезі қылатын нашар қасиеті бар.
Алайда, кітаптардың бүгінгі таңда жарнамаланбай жүруінің негізгі себебі, оның жарамаға мұқтаж еместігінде емес, мұндай реңктегі жарнамаға сұраныс жоқтық. Көптеген кітап баспалары, кітап дүкендері телевизия арқылы жарнама беруге қалталары көтере бермейді. Заманауи авторлардың да проблемасы сол.
Не десек те, кітап оқитын азаматтар қай заманда да табылады, болады, себебі кітап – жарнамасыз-ақ әрқашан трендте.
Назерке Мұса