Facebook әлеуметтік желі қолданушысы Қазбек Бейсебаев ел тізгінін ұстап отырған министрліктің жұмысын қатаң сынға алды.
«Инвестиция және даму министрі Сирияға ұшуы керек болған екі заңсыз тіркелген ұшақтың бар екені ол үшін жаңалық болғанын айтты. Министрдің тікелей құзыретіне кіретін және бақылауында болуы керек салада не болып жатқанын білмегені таң қалдырады. Мұндай тек біздің ғана ел де болатын шығар» дейді Қазбек Бейсебаев.
Ол елімізде көбінде басталған іс аяғына дейін жетпейтіндігін де айтты.
«Өткен жылдың тамыз айының соңында жаңа министр жаңа ақпарат және коммуникациялар министрі ұлттық бренді анықтау бойынша бәйге жариялады. Министрдің өзі бірнеше мәрте конкурстың қажеттілігін және оған қатысу керектігін айтқан. Жіберілген жұмыстар талапқа сай еместігін айтып, бәйгені аяғына дейін жеткізбеді. Министрдің ол кезде уақыты болмаған-ау шамасы. Қызық, енді осы жолы не дер екен?.
2017 жылды соғыс ардагерлерін, мүгедектерді, көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды ЭКСПО-2017 көруге алып келу үшін Павлодардың қаржылық қорына 52 миллион теңге салынған екен. Алайда хабарланғандай бұл шаралар әлеуметтік қолдауға жатпайды екен. Павлодар облысы аталмыш іс-шараға 100 мың туристерді алып келуге міндеттелген екен. Егер біздің билік Астана-Павлодар автотрассасын жүргізгенде ешқандай квоталарсыз көрмені көруге баратындар табылушы еді» деп жазады facebook қолданушысы.